ҚР ҰБ курстары, 26.04.2024
RUB 4.82 (+0.02)
EUR 476.38 (+2.08)
USD 444.22 (+0.37)

Қазақстан-Американдық еркін университеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті халықаралық серіктестіктегі  меншік жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің салтанатты түрде ашылу және оның алғашқы түлектеріне диплом тапсыру кешіне ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың өзі қатысты. Н.Назарбаев университеттің бірінші «Құрметті профессоры». ЖОО-ның басшылық құрамында – АҚШ азаматтары: қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен, халықаралық бағдарламалар және халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице-президент Дэниел Бэлласт бар. 2014жыл университет өзінің 20 жылдығын атап өтті. ЖОО ҚР білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік үш аттестаттауынан өтті. Университеттің алты мамандығы ACBSP (АҚШ) (бағдарламалар мен алқалық бизнес-мектептердің ассоциациясы, АҚШ)  ұйымының халықаралық мамандандырылған аккредитациясына ие болған.       ЖОО негізгі басымдылығы-таңдаған мамандықтан басқа ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгерген мамандарды дайындау. Университет контингенті 2000-нан артық студенттер, магистранттар PhD докторанттарын құрайды.

ЖОО моделі екі бағдарламадан тұрады: американдық, қазақстандық және көптілділік.  «Co-Serve International» (АҚШ) ұйымы мен Қамқолық Кеңесінің қатысуымен американдық бағдарлама аясында менеджмент, құқық, ақпараттық жүйелер, шет тілі саласында бакалавлар мен магистрлерді және Ph.D докторларын дайындалады. Олардың білім бағдарламасына құйған инвестициялары мен жоо-ның техникалық базасына кеткен қаржысы жылына  300.000 доллар мөлшерін құрайды.    АҚШ, Канада, Европа мен Австралия мамандарын тарта отырып болашақ мамандар ағылшын тілінде оқытылады.  Жыл сайын оқу процесіне  40- қа жуық шетелдік оқытушылар қатысады. 200-ден артық студенттер мен магистранттар АҚШ-ның жетекші компанияларында, банктерінде және биржаларында («INTEL», «NIKE», «LEXUS» және т.б..) кәсіптік практикадан өтті.  Қазақстанда практикадан өту жағы көбінесе шетелдіктер жұмыс істейтін компанияларда қарастырылады. Оқытудың жоғары деңгейі «МUSKIE», «IREX», «DAAD» бағдарламалары мен Президенттік «Болашақ» және т.б. бағдарламалар аясында АҚШ, Ұлыбритания және Германия университеттерінде студенттер білім алған көптеген гранттармен расталған.  

Қазақстандық бағдарлама күндізгі, кешкі және сырттай оқыту түрі негізінде  әр түрлі гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша соның ішінде, педагогикалық бағыттағы түлектер басқа жоо-мен салыстырғанда қолдарына дипломмен бірге ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны  меңгергені туралы сертификат алады және олардың бәсекеге қабілеттілігі артады, маман ретінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу бойынша ауылдық мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.    ЖОО-ның түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.  Бүгінгі таңда түлектеріміз ҚР Сыртқы істер Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, «Каз  Цинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК», «АЗИЯ АВТО» АҚ сияқты отандық және «AES», «Казахойл», «Шеврон Тексако», «Procter and Gamble»,  «Deloitte and Touch» аудиторлық фирмасында, т.б. шетелдік компанияларда табысты қызмет етуде.  ЖОО студенттерін АҚШ университеттерінде қашықтықтан тегін оқыту мүмкіндігімен бірге  жаһандық  «INTERNET» желісі ресурстарына қол жетімділігі қарастырылады.  

Байланыстар: 

070018, Өскемен қ.,  Бажов көшесі, 68

Электрондық пошта: kafu_ukg@mail.ru

Кеңсе: 8 (7232) 22-23-24

Кеңсенің  факсі: 8 (7232) 61-90-26

Вебсайт: http://www.kafu.edu.kz/