ҚР ҰБ курстары, 26.04.2024
RUB 4.82 (+0.02)
EUR 476.38 (+2.08)
USD 444.22 (+0.37)

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жарқын тарихымен Қазақстан Республикасының үздік университеттері қатарында. ҚарМУ Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бас рейтингісінде, QS World Universities Rankings үздік университеттерінің әлемдік рейтингінде, Webomеtrix халықаралық рейтингісінде көпсалалы университеттер көшбасшыларының үштігіне еніп келеді.

Университеттегі мамандықтар ұлттық рейтингіде алдыңғы қатарлы орынға ие. ҚарМУ-да бакалавриат бойынша 90-нан аса мамандық, магистратура бойынша 60-тан аса мамандық, PhD докторантура бойынша 12 мамандық бар. ҚарМУ-дың 12 факультетінде 12 мыңнан астам студент, магистрант және докторант оқиды. Университет қабырғасында шет елдерден келген жүздеген шетел студенттері білім алуда.

Университетте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының 158 иегері, Мемлекеттік ғылыми стипендияның 24 лауреаты, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның 57 лауреаты қызмет етеді.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу және ғылыми-зерттеу базасы маңызды ғылыми зерттеулер жүргізуге және қазіргі заманғы білім беру технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Университетіміздің даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Талап етілген білім беру бағдарламалары, қосымша мамандық алу мүмкіндігі, онлайн оқу, өзіндік стартап-жобаларды жүзеге асыру әлемдік деңгейдегі білім алуға ұмтылатындардың барлығын еңселі болашаққа бастайды.

ҚарМУ факультеттері:

  • Биология-географиялық факультеті
  • Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
  • Физико-техникалық факультеті
  • Химия факультеті
  • Шеттілдер факультеті
  • Педагогикалық факультеті
  • Дене мәдениеті және спорт факультеті
  • Филологиялық факультеті
  • Тарих факультеті
  • Философия және психология факультеті
  • Экономика факультеті
  • Заң факультеті

Байланыстар: 

100028, Қарағанды  қ.,   Университет көшесі, 28

Электрондық пошта: office@ksu.kz

Кеңсе: 8 (7212) 77-03-84

Кеңсенің  факсі: 8 (7212) 77-03-84