ҚР ҰБ курстары, 29.05.2024
RUB 4.99 (-0.01)
EUR 480.27 (-0.70)
USD 441.59 (-1.25)

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

1992 жылдың 6 тамызында Казақстан Республикасының Министрлердің  жұмыс бөлмшесінің №662 бұйрығына сәйкес, СССР 50 жылдық атындағы Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институты Қостанай мемлекеттік университеті болып, қайта құрылды.

2014 жылдың маусым айында университет ББСҚТҚА институционалды аккредиттеуден өтті. Барлық білім беру бағдарламалары ББСҚТҚА, KazSEE, ACQUIN аккредитациялық органдарында толық мерзімге (5 жыл) аккредиттелді. Республикалық ЖОО-ның рейтінгісінде тұрақты орын және аймақта бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі мен көшбасшылық ұстанымдарын қамтамасыз ету университеттің жетістіктеріне жатады. 2018 жылдың ББСҚТҚА рейтингісінің қорытындысы бойынша университет үздік көпбейінді университеттердің ондығына кірді. Жыл сайынғы ББСҚТҚА өткізетін білім беру бағдарламаларының республикалық рейтингісінде ҚМУ мамандықтары 1-5 орындарды алады.

Университет ҚР БҒМ Ғылым комитетенің гранттық тақырыптарын жүзеге асыру жоспарында ғылыми-зерттеу қызметінің дамуының тұрақты тенденциясын көрсетіп отыр. ҚР БҒМ жаңа конкурс аясында 2018-2020 жылдарға  ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға үш басымдылық бағыт бойынша қаржыландыруға 6 жоба (2018 жылғы сома – 53 млн.теңге) және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға (университет тарихында алғаш рет)  бір жоба (2018 жылғы сома – 20 млн.теңге) мақұлданды.  

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі аса маңызды бағыттардың бірі  Қостанай мемлекеттік университетінің Эрасмус+ бағдарламасына қатысуы. Университет жастар саясаты мен спортты дамытуды қолдауға, білім беру және оқыту жүйесін тұрақты дамыту, жаңашаландыруды әрі қарай іске асыруға, сонымен қатар жастардың дағдыларын жетілдіру мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған бағдарламалардың жобалар саны бойынша көшбасшы боп табылады.

ҚМУ факультеттері:

  • Инженерлік-техникалық факультеті
  • Ақпараттық технологиялар факультеті
  • Гуманитарлық әлеуметтік факультет
  • Аграрлық-биологиялық факультеті
  • Заң факультеті
  • Экономикалық факультет
  • Ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультеті
  • Әскери Кафедра

Байланыстар: 

Қостанай қ., ул. Байтурсынова, 47

Электрондық пошта: info@ksu.edu.kz

Кеңсе: 8 (7142) 511-157