ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

ҰБТ 2019: Жаңа енгізілімдер

Биылдан бастап бірыңғай тестілеу жылына төрт мәрте өтеді. Осыған дейінгі қаңтар, маусым және тамыз айларына енді наурыз қосылды. Осылайша, жаздағы негізгі сынаққа дейін үміткерлер екі мәрте өз шама-шарқын біле алады. Ескеретін жайт, мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым-шілде айларындағы тестке қатысып, жоғары балл жинауы тиіс. Ал өзге үш сынақ тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.