Мектептегі 3 тоқсан бойынша демалыс күндерінің басталу күнін ауыстыру үшін:
Қадам-1. 16-20 наурыз аралығында БАРЛЫҚ сыныптар бойынша сабақ кестесін жою.
Кесте сұлбасын жариялағаннан кейін сабақ мәліметтерімен жұмыс (қосу, өңдеу және жою) есептік кезеңнің торында тікелей жүргізіледі.
Назар аударыңыз: Кестені тазарту рәсімі оның сабақтарымен барлық байланысты мәліметтерін жоюын көздейді: ол - сабақ туралы жалпы ақпарат, бағалар, сабаққа қатысу туралы белгілер, үй тапсырмалар және сабаққа жазылған пікірлер.
Кестені бір апта ішінде немесе барлық есептік кезеңде тазалау мүмкіндігі бар. Ол үшін:
- «Мектеп»;
- «Кесте»;
- сыныпты таңдап, атауына басу;
- қажетті аптаны таңдау:
___
Ескерту: Тек таңдалған апта бойынша кестені тазарту рәсімі жүзеге асырылады.
Ағымдағы құпиясөзді енгізіп, «Тазарту» батырмасына басу қажет.
Қадам-2. Есептік кезеңнің ішінде 3 тоқсанның аяқталу күнін өзгерту қажет.
Ол үшін:
- «Мектеп»;
- әкімшілік ету блогына өту;
- «Есептік кезең» батырмасына басу;
- қажетті есептік кезеңді ашу;
- 3-тоқсанның аяқталу күнін: 14.03.2020 күніне ауыстыру.
Қадам-3. Сабақ тақырыптарын біріктіру/тұтастыру.
Жүйеде сабақ тақырыптарын топтастыруды жүзеге асыру үшін:
- «Күнтізбелік жоспарлау» өрісіне өту;
- 2 тақырып өтетін күннің үстіне басу (1-тақырып негізгі, 2-тақырып мерекелік күннен жоғалған тақырып);
- келесі нұсқалардың бірінде екі тақырыпты көрсету:
1). «Тақырып-1. / Тақырып-2».
2). «Тақырып-1. Тақырып-2 (бұйрық нөмірі)».
Ескерту: Егер сыныпта КТЖ жарияланған болса, онда оны жариялаудан алып тастап, «қарындаш» батырмасына басу арқылы, жоғарыда көрсетілген нұсқау арқылы тақырыпты өңдеу қажет.
Қажетті деректемелерді енгізгеннен кейін, КТЖ-ны қайта жариялап, кесте бойынша үлестіру қажет.