ҚР ҰБ курстары, 24.04.2024
RUB 4.76 (-0.02)
EUR 473.33 (-1.25)
USD 444.32 (-1.34)

Қашықтықтан оқыту кезеңінде БЖБ және ТЖБ жүргізу

Мұғалімдерге арналған бейненұсқаулық. Күнделік жүйесінде БЖБ және ТЖБ өткізу.

 


Оқушыларға арналған бейненұсқаулығы осы мәтіннің аяғында.

Карантин кезеңінде БЖБ және ТЖБ әдеттегі режимде жүргізуге мүмкіндік жоқ. Қашықтықтан оқытуға көшумен қорытынды аттестаттауды өткізу дайын функционалдың көмегімен Күнделік жүйесінде жүзеге асырылады.

Егер БЖБ / ТЖБ өткізу «Сұрақ – Жауап» форматында жүзеге асырылған жағдайда, төменде жазылған нұсқаулықты пайдалана отырып, БЖБ және ТЖБ жүргізуді жүзеге асыруды ұсынамыз.

 

Тест нұсқаларымен файлдарды дайындау

Оқушыларға пән бойынша сұрақтар тізімін ұсыну үшін сұрақтармен файлдарды дайындау және оларды тиісті атаумен сақтау қажет.

 

mceclip0.png

 

Ескерту: егер БЖБ / ТЖБ өткізу нұсқаларға (A, B, C және т.б.) бөлуді білдірсе, онда сұрақтардың нұсқаларын бөлек файлдарда сақтау қажет.

mceclip1.pngОқушылар дайын файлдарға жауап бере алу үшін Word форматында файлдарды бекіту ұсынылады.

 

БЖБ / ТЖБ өткізу күні мен уақыты туралы сыныпқа хабарлау

Қорытынды аттестаттауды өткізу алдын Жүйені немесе бөгде ресурстарды пайдалана отырып, сыныпқа хабарлама жариялау ұсынылады.

Ол үшін:

  • «Мектеп» бөліміне өту;
  • «Менің сыныптарым» қойындысын таңдап, сынып атауына басу;
  • «Хабарландырулар» қойындысына басу;
  • хабарламаның мәтінін енгізу.

mceclip2.png

 

Ескерту: хабарландыруды жариялағаннан кейін сынып қатысушыларына ақпаратпен танысу туралы түсініктеме қосу қажеттігі туралы хабарлау ұсынылады.

 

Жүйеге сұрақтар бар файлдарды қосу

БЖБ / ТЖБ өткізу үшін үй тапсырмасының парақшасында (бұдан әрі-ҮТ) сұрақтар қойылған файлдарды бекіту қажет.

Ол үшін сынып кестесіне сәйкес, ағымдағы келесі «Сабақ парақшасына» өту керек. (Мысалы, бүгін 5 мамыр, сабақ парақшасынан ҮТ беру үшін 8 мамырдағы сабақ парақшасына өту керек).

  • «ҮТ қосу» батырмасына басу;
  • ҮТ мәтінін көрсету және сұрақ қойылған файлды бекіту.

 

mceclip3.png

 

Егер бірнеше нұсқаны көрсету қажет болса, қосымша ҮТ жасау және оларды жеке-жеке беру қажет. ҮТ берген уақытта «Сақтау және әзірше бермеу» бастырмасына басу кажет.

 

mceclip4.png

 

ҮТ тіркелетін сұрақтардың нұсқасына сәйкес оқушыларды құс белгісімен белгілеу. Кейін таңдалған оқушыларға ҮТ беру қажет. 

mceclip5.pngТапсырмалардың екінші нұсқасын беру үшін қосымша ҮТ жасау және оны қалған оқушыларға беру қажет.

ҮТ беру және оның күйі туралы ақпарат «Үй тапсырмаларымен жұмыс істеу» мақаласында орналасқан.

Ата-аналар мен балаларға арналған ҮТ файлды бекіту туралы ақпарат «Кесте, ҮТ және бағаларды қалай көруге болады?» мақалада толық сипатталған.  

Ескерту: оқушылардың жауаптары тексерілгеннен кейін, БЖБ / ТЖБ қорытындысы сынып журналына қойылады.


Оқушыларға арналған нұсқаулық. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін Күнделікке бекiту