ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Құрметті мектеп оқушылары мен ата-аналар!

Астана халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби дамыту бюросы сіздерге 9-10 / 11 сынып оқушылары үшін арналған экономика және қаржы салалары бойынша AIFC онлайн-олимпиадасының басталуы жайлы хабарлайды. AIFC Олимпиадасының негізгі мақсаттары – біліммен өзара алмасуға және жас ұрпақты дамытуға арналған мүмкіндіктерді жасау арқылы салауатты интеллектуалды бәсекені насихаттау. Сонымен қатар, студенттердің экономикалық және қаржылық бағытындағы пәндерді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, теориялық және практикалық білімдерін тереңдету, осыған қоса тиісті дағдыларды дамыту.

Бұл шарада сіздердің Қазақстанның барлық аймақтарындағы орта мектептердің үздік оқушыларымен бәсекеге түсіп, бағалы сыйлықтар жеңіп алып, Халықаралық экономикалық олимпиадаға Қазақстан тарапынан қатысатын ұлттық құраманың құрамына кірулеріңізге ерекше мүмкіншіліктеріңіз бар.

Негізгі талаптар: математика және ағылшын тілдерін жетік білу.

Өткізілетін мерзімдері: 2020 жылғы 7 маусымнан 31 шілдеге дейін

Тіркелудің соңғы мерзімі: 2020 жылғы 5 маусым, сағат 11:59, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша

Өткізілетін тілі: ағылшын тілі

2020 жыл түлектері олимпиадаға қатыса алмайды

Тіркелу сілтемесі https://olympiad.educator.kz


AIFC Олимпиадасы туралы қосымша ақпаратты www.educator.kz сайтынан алуларыңызға болады.

Егер қосымша сұрақтарыңыз туындаса, olympiad@aifc.edu.kz мекен-жайына жазуларыңызды өтінеміз.