ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Өлім ойыннан сақтан!

«Синий кит», «Тихий дом», «Позвони мне в 4:20» ҚАУІПТІ ойындары есіңізде ме?

Бұл "В Контакте", "Телеграмм" желілері арқылы жасөспірімдердің санасын улап, суицидке итермелейтін ойын. Ойынның басты мақсаты: әлеуметтік желі арқылы құрбандарын тауып, қауіпті тапсырмалар беру. Сол арқылы баланы ӨЛІМГЕ итермелеу. Ойын құрбандарының саны: Қазақстанда-16, Ресейде 130 адамға жуық.


Көп уақыт бойы бұл ойынға нүкте қою мүмкін болмады. Себебі, әлеуметтік желілердегі провайдерлері шетел мемлекеттері болғандықтан. Бірақ, күні кеше аталмыш суицидті насихаттайтын топтың «кураторы» ұсталды. Ол Арыс қаласының тұрғаны. Қазір ол қамауда. Күдіктінің қанша жасөспірімді арбауына түсіргені әзірге белгісіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Балалар-қоғамның ажырамас бөлігі. Олар-тұлға, интернетте әсіресе. СОНДЫҚТАН, балаңыздың қандай әлеуметтік желіде отыратынын бақылауда ұстаңыз. (8-16 жастағы балалардың 58 % ата-анасынан интернет әлеміндегі өмірін жасырады.)

Балалар интернет-алаяқтардың жиі құрбаны болады. Медиасауаттылық, фактчек, сыникөзқараспен таныс болмағандықтан.

КЕҢЕС: балаңызға интернеттегі ақпаратқа сүзгі жасауды үйретіңіз. Оның ақпаратты оқып қана қоймай, анализ жасай алуы қажет. Онымен сырласыңыз. Үйіңізде балаға қажетті атмосфераны сақтаңыз.

#үшнүкте

Осы тақырыпты талқылау: https://www.instagram.com/p/CBlHEkNARrQ/