ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Сыпайылық= Этикет.


Халқымыз ерте кезден сөз қадірін түсінген дана халық. Кішіге-құрмет, үлкенге-ізет көрсеткен халық. Қаншама сұрапыл жылдарда, сағы сынбайған кең халық. Сондықтан болар мәдениет, сыйластық ұғымдарын жоғары орынға қояды.жасы кішімен де, үлкенмен де жеке басын құрметтеп сөз сөйлеген. Осы себепті этикет жайлы, біздіңше сыпайылық жайлы ақпарат ұсынбақпыз. 

Кісімен сөйлескенде оның намысын таптамайтындай, ыңғайсыз жағдайға қалдырмайтын өрнек құру керек. 

Әдепсіз/ыңғайсыз сұрақтар тізімі: 

Адамның жасын сұрау.
Қыздың жасы әрқашан он сегізде. Ол рас. Сондықтан қыз баланың жасын сұрау әбестік болып саналаТЫН. Қазір тек әйел баласына ғана емес, еркек адамнан да жас мөлшерін сұрау-ыңғайсыз сұрақ саналады.

Айлығын сұрау: 

Айына қанша табасың? Айтсаңшы, сұрасаң мен де айтам ғой осы. 

Қандай ыңғайсыз сұрақ екенін түсініп түрған боларсыз .Өзгенің материалдық жағдайы оның жеке құпиясы. Сондықтан айлық табысты сұрау-қате. 

Діни көзқарасын сұрау
-Құдайға сенесің бе? Не мұсылман емессің бе?
Бұл сұрақтар әдепсіз саналады. Қатты білгіңіз келсе, сыпайы формада жеткізуге тырысыңыз.

– Бір жерің ауырады ма?
Танысыңызды ауруханада кезіктірсеңіз, сұрағыңыздың тігісін жатқызып қоюға тырысыңыз.

Қашан тұрмысқа шығасың? Қашан үйленесің?
Адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын сұрақ. Бұл тек оның қолында емес екендігін ұмытпаңыз.

–Аяғың ауыр ма?
Кей адамдар өзінік ерекше күйін құпияда сақтағысы келеді. Тіл-көз, отбасының шешімі, жеке қалауы сынды себептермен. Сондықтан танысыңызға мұндай сұрақ қоярда, ойланғайсыз.

Салмақ қосқансың ба? Арықтап кеткенсің бе?
Мұны да сыпайы формада сұрағаныңыз абзал.
Есте сақтаңыз:
Сыпайылық жоқ жерде,
Сыйласу да жоқ.