ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

«ЕЭА шеңберiнде   жоғары оқу орындарын, оның ішініде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін,  кәсiби-техникалық бiлiм беретiн мекемелерді, ғылыми зерттеу институттарын  жаңашаландыруда өнімді еңбек пен шығармашылық үшін   қолайлы жағдай туғызылуда.»,  ҚР Президентінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнаулы экономикалық аймағын құру туралы  2003 жылғы  18 тамыздағы  № 1166  Жарлығынан. 

Қазақстандық алғашқы   IT Университет – Орта Азия аумағындағы жетекші оқу орны. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті аймақтағы IT-индустриясына халықаралық деңгейде танылған білікті мамандар  дайындауда  көшбасшы  болып  табылады.

Халықаралық ІТ Университет АҚШ-тың  Carnegie Mellon университетінің құрамды бөлімі – білім берудің ең үздік бағдарламалары мен әлемдік тәжірибесі бар IСarnegie-мен тығыз ынтымақтастықта ашылды. Сarnegie Mellon  бүкіл әлемде алгоритм, компьютерлік желілер, бағдарламалау тілдері, робототехника, компьютерлік лингвистика, бағдарламалық жасақтамалар құрастыру бойынша  көшбасшы ретінде танылған университет.

Халықаралық ІТ Университетте жоғары білікті профессор-оқытушылар еңбек етеді. Олар еркін ғылыми ізденіс, шығармашылық жағдайында ақпараттық технологиялар саласында өз зияткерлік әлеуетін іске асырады.

Халықаралық ақпараттық технологиялар  университеті өзін  Қазақстанның әлеуметтік жаупкершілікті ЖОО  ретінде танытып отыр, сондықтан біз аға буын өкілдерінің бейресми түрде компьютерлік сауатын ашуға бағытталған жобаны іске асырдық. Қазір 40тан астам зейнеткер оқудың бірінші курсын аяқтап, сертификат алды. Алғашқы курстың тыңдаушылары – Бостандық ауданының зейнеткерлері, келешекте бұндай курстар Алматы қаласын тегіс қамтиды.

Университет кафедралары:

  • Ақпараттық жөнімдер кафедрасы
  • Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы
  • Компьютерлік инженерия және телекоммуникация кафедрасы
  • Экономика және бизнес» кафедрасы
  • Медиакоммуникациялар және Қазақстан тарихы кафедрасы
  • Тілдер кафедрасы
  • Радиоэлектроника және телекоммуникация кафедрасы

Байланыстар: 

050012, Алматы қ.,   Төле би көшесі, 100

Электрондық пошта: atukz@mail.ru

Кеңсенің  факсі: 8 (727) 2935292,  юристы 2935288