ҚР ҰБ курстары, 28.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 486.94 (-1.57)
USD 449.58 (-0.49)

Есте сақтау қабілетін қалай жақсартамыз?

Есте сақтау қабілетін қалай жақсартамыз?


Есте сақтау қабілеті тұрақты емес. Адамның жасы келе ол нашарлай береді. Алайда бұл қабілетті табиғи жолмен жақсартуға болатынын ұмытпау керек.

Ең бірінші кеңес-дұрыс тамақтану керек. 

Адамның миы энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Есте сақтау қабілетін арттыруға көк шай, жаңғақтар, теңіз өнімдері мен зәйтүн майы көмектеседі.

Миды шынықтыру.

Логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтар шешу, ойша санау, өлең жаттау, шет тілдерін меңгеру керек. 


Ұйқы алдындағы ақпарат.

Жақсы ұйқы – есте сақтау қабілетінің кепілі. Адам тәулігіне сегіз сағат ұйықтау керек. Ұйқы алдында оқу немесе ақпарат қабылдау – ең тиімді уақыт. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, адамның жадында сақталып қалады.


Спортпен айналысу.

Спорт миға келетін қанның көлемін арттырады.


Жоспарлы түрде жұмыс істеңіз.

Күнтізбеге жоспарлаған істеріңізді жазып қойыңыз. Маңызды шаруалардың тізімін көз алдыңыздағы заттарға жазып қойыңыз.


Қабынуға қарсы өнімдерді таңдаңыз.

Қабынуға қарсы тамақтарға шай, жемістер мен көкөністер жатады. Олар иммундық жүйені ынталандырады, бос радикалдарды кетіреді. Жидектер антиоксиданттарға бай.


Шоколад жеңіз.

Шоколад мидың қан айналымын  жақсартады. Флавоноидтары бар қара шоколадты жейтіндердің жады антиоксиданттары жоқ ақ шоколадты сүйетіндерге қарағанда әлдеқайда жақсы.  Максималды пайда алу үшін құрамында 70% какао бар шоколадты таңдау керек.