ҚР ҰБ курстары, 26.04.2024
RUB 4.82 (+0.02)
EUR 476.38 (+2.08)
USD 444.22 (+0.37)

Алматы энергетика және байланыс университеті

Алматы энергетика және байланыс университеті 1997 жылы 10 қаңтарда  1975 жылдан 1997 ж. дейін  болған Алматы энергетика институты (АЭИ) базасында құрылған. Коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар бірінші мемлекеттік емес техникалық жоғары оқу орны болып табылады. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.2013 ж. бастап екі мамандық бойынша ағылшын тілінде оқыту басталды: «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мен «Электр энергетикасы». 1989 жылы Алматы энергетика институты Қазақстанда бірінші рет Кеңес Одағындағы бірден бір КСРО-ның Мембілім беру Мемлекеттік инспекциясының  комиссиясымен аттестатталды. АЭИ жоғары деңгейде мамандар даярлау бойынша кеңес кезеңінде арнайы танылды, бұл студенттер, оқутышылар ұжымы мен институт басшылығының сөзсіз табысы. 1996 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жоғары оқу орындары желілерінде масштабты қайта құру жүргізілді: республиканың облыстарында бұрынғы дербес жоғары оқу орындарын біріктіру арқылы өңірлік университеттер құрылды. Алматы энергетика институты  «»Энергетика және телекоммуникация оқу-ғылыми кешені» (ЭжТ ОҒК) құрылымдық бөлімшесі ретінде Қазақ ұлттық техникалық университетіне қосылды. 1997 жылы мамырда «ЭжТ ОҒК» коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесі бар Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды. Жаңа институттың ректоры болып Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Даукеев тағайындалды. 2010 ж. шілдеден бастап Алматы энергетика және байланыс университеті PhD магистранттар мен докторанттар даярлауға құқы бар  университет және  жаңа атаумен «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  мәртебесін алды (АЭжБУ).

АЭжБУ-Орта Азияның барлық өңіріндегі энергетика, телекоммуникация және ІТ- технологиясы бойынша жоғары класты мамандар даярлайтын Қазақстандағы бірден бір ЖОО бірі. Университет PhD магистранттар мен докторанттары,колледж бакалавриаттары мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

Институттар өз құрамында 19 кафедра, оның ішінде 13-і бітірушілер кафедрасын біріктіреді. Тағы екі факультет: ол қосымша білім беру факультеті және сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

АЭжБУ бітірушілер «Болашақ» бағдарламасына белсенді қатысады, ТМД елдерінің оқу орындары және шетелдің жетекші оқу орындары сияқты PhD ғылым докторы,магистр дәрежесін алады және оқиды. АЭжБУ бітірушілері мамандықтары бойынша тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде яғни Ресей, Германия және Еуропа одақтарының елдерінде, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Израиль және т.б. мемлекеттерде жұмысқа табысты орналасады.

Университет факультеттері:

  • Колледж
  • Электр энергетика және электр техника институты
  • Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты
  • Ғарыштық инжинерия және телекоммуникация институты
  • Жылу энергетикасы және жылу техникасы институты

Байланыстар:

050013, Алматы қ.,  Байтурсынов көшесі, 126

Электрондық пошта: aipet@aipet.kz

Кеңсе: 8 (7272) 92-79-55

Факс: 8 (7272) 925057