ҚР ҰБ курстары, 03.10.2024
RUB 5.12 (-0.02)
EUR 534.74 (+2.49)
USD 483.23 (+3.12)

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 маусымында (№ 10485-1919-У-е) тіркелген. 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы еліміз бен аймақтың еңбек нарығында сұранысқа ие, еліміздің инновациялық-индустриялық даму стратегиясын жүзеге асыруға белсенді араласуға және бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау ісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Университеттің даму стратегиясы бойынша 2011-2014 және 2014-2016 жылдарға арналған кезеңдік жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда университет Ғылыми кеңесінің 2016 жылғы 10 мамырындағы №10 мәжілісінде бекітілген «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымды дамытуға мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2016-2019 жылдарға арналған іс-шараларының жоспары» іске асырылуда.  

Университетте оқу-тәрбиелік үдерістің әдіс-тәсілдерін жетілдіру іс-шаралары тұрақты жүргізіліп, бұл бағыттағы жұмыстар кәсіби мамандарды жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес дайындау деңгейі мен нарықтық экономика сұраныстарына сай келетін кәсіби мамандар даярлаудың сапасын арттыруға мол мүмкіндіктер жасайды.

Студенттердің кәсіптік тәжірибелерін ұйымдастыруда олардың теориялық білімдерін жақсарту және жұмысқа орналасу қызығушылықтарын көздеу басты назарда болады. ТИГУ-де 142 кәсіби практика базаларымен екіжақты келісімшарт жасалған, олардың ішінде, 87-сі- кәсіптік мекеме, 55-сі – орта мектептер мен колледждер. Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің Ядролық физика институтымен, Жамбыл облыстық ғылыми-зерттеу ветеринария стансасымен, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік ғылыми-зерттеу институтының Жамбыл бөлімшесімен, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімімен, басқа да шетелдік, отандық жоғары оқу орындары, облыстық, республикалық іргелі кәсіпорындар, т.б. өзара әріптестік туралы меморандум жасалынған.

Байланыстар: 

Тараз қ.,   Желтоқсан көшесі, 69 «Б»

Электрондық пошта: Tigu_kz@mail.ru

Кеңсе: 8 (7262) 54-11-24

Кеңсенің  факсі:8 (7262) 51-83-12