ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті елдің көп салалы ЖОО бірі болып табылады.   2008 жылы Қазақстан Республикасы ЖОО-н оңтайландыру мақсатында Орал қаласында үш жеке ЖОО (Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті) негізінде Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті құрылды.   2012 жылы оған Евразия институты қосылды. 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университет негізінде екі жеке ЖОО Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті құрылды

Факультеттер құрамында, бакалавриаттың 39 мамандығы, жоғары арнайы білімнің 2 мамандығы және магистратураның  7 мамандығы бойынша кадрлар дайындайтын 13 кафедра кіреді.  БҚИТУ-да  9 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алады.

Бүгінгі күні БҚИТУ  – білім беру және ғылыми қызметті, Қазақстанның батыс аймағы үшін басқару және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды  жүзеге асыратын, елдің халықтық-шаруашылық кешенінің үздіксіз және ілгері дамуының қалыптасуына белсенді қатысатын және әсер ететін аймақтағы ірі және кеңінен танымал көп салалы жоо бірі.

Университеттің тұрақты даму стратегиясы және болашақ орташа мерзімге оны жүзеге асыру тетігі  2016-2020 жылдарға арналған БҚИТУ стратегиялық даму жоспарында берілген.   Университет ұжымы қарқынды дамып жатқан аймақтық инновациялық оқу-ғылыми кешеніне ауысу, елдің жоғары білім беру жүйесінде алдыңғы  орынға  жету және жоо бәсекеге қабілеттілігін және білім беру және ғылыми-техникалық қызметтер сапасының  әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін барлық күшін салуда.

Бүгінгі күні БҚИТУ белсенді іздену, бейімделу және технологиялық, педагогикалық және басқару инновацияларын қолдану  арқылы өзінің көп қырлы қызметі мен инфрақұрылымын тұрақты жетілдіретін және мамандарды дайындау тиімділігі мен сапасын арттыратын   динамикалық дамушы ЖОО болып табылады.

БҚИТУ факультеттері:

  • Инженерлік-технологиялық факультет
  • Педагогикалық факультет
  • Тілдер және менеджмент факультеті
  • Гуманитарлық-заң факультеті

Байланыстар:

Орал қ.,   Достық даңғылы, 194,  индекс 090000

Электрондық пошта: wkitu@mail.ru

Кеңсе: 8 (7112) 509-990

Кеңсенің  факсі: 8 (7112) 509-990