ҚР ҰБ курстары, 06.10.2024
RUB 5.07 (0.00)
EUR 531.33 (0.00)
USD 481.84 (0.00)

Қарағанды медицина университеті

Сіздерді Қарағанды медицина университеті қошеметпен қарсы алады!

Университет 1950 жылы құрылған, денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар дайындау бойынша Қазақстанның жетекші медициналық ЖОО болып табылады, білім беру, ғылыми және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету салаларында жоғары беделге ие. ЖОО ҚР медициналық ЖОО-ларының жоғары ұлттық рейтингісімен ерекшеленді, Бас институционалды рейтингісінде  2-орынды (НКАОКО), «Медицина» мамандығының «магистратура» бағдарламасының бағыты бойынша 2-орынды (НКАОКО), «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының рейтингісінде 2-орынды иеленді (НААР).

Бүгінгі күні университет мамандарды көп деңгейлі сатыда дайындауды іске асыруда: бакалавриат, жоғары оқу орынан кейінгі (магистратура, резидентура, докторантура) және қосымша білім беру. Оқыту мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте сегіз мыңнан аса білім алушы бар. Біздің түлектер Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде табысты жұмыс атқарады.

Университетте жоғары білікті оқытушылар, олардың ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Медицина ғылымдары академиясының, Әскери ғылымдар академиясының,ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының,  Ресей Жаратылыстану академиясының, Халықаралық ақпараттандыру акдемиясының, Еуразия халықаралық ғылымдар академиясының 22 академигі және корреспондент-мүшесі,  72 ғылым докторы, 5 PhD докторы, 266 ғылым кандидаты  және 122 магистр дәрежесі бар маман сабақ береді.

ҚМУ –2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001 NQA – UK (Ұлыбритания), NQA – Russia сертификаттау органы өткізген сапа менеджменті жүйесінің білім беру, ғылыми және клиникалық қызметтерге сәйкестікке  сертификаттауын ойдағыдай өткен ҚР бірінші медициналық жоғарғы оқу орны. 2015 жылы SGS (Швейцария) сертификаттау органында сертификат алды.

ҚМУ Дүнежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және Дүниежүзілік Медициналық білім беру Федерациясының «Авиценна» медицина мектептерінің Директорийіне енгізілді. ҚМУ Университеттердің Ұлы  Хартиясының (MCU), Еуропаның медициналық білім беру қауымдастығының (АМЕЕ), Медициналық білім беруді оқыту Қауымдастығының (ASME), Азия Медициналық білім беру қауымдастығының (АМЕА), Еуропалық жүйедегі Биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы PhD Қорғау ұйымының (ORPHEUS), Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы университеттік  ұтқырлықты ұйымдастыру ұйымының (UMAP), Білім дамыту халықаралық қауымдастығының (IADE),  Барселонаның  Менеджменттің жоғары мектебі қауымдастығының  (GSMB), Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EUA) мүшесі болып табылады.

Қарағанды медицина университетінде білім алу – бұл тұрақты болашақтың кепілі!

Байланыстар: 

100008, Қарағанды  қ.,   Гоголь көшесі, 40

Электрондық пошта: info@kgmu.kz

Кеңсе: 8(7212) 51-89-31

Кеңсенің  факсі: 8(7212) 51-89-31