ҚР ҰБ курстары, 08.05.2024
RUB 4.82 (0.00)
EUR 473.31 (0.00)
USD 439.43 (0.00)

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – білім мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын, тұтынушылармен, оқу және ғылыми орталықтармен серіктестік байланысты дамытып, бәсекеге қабілетті кадрларды, жоғары деңгейлі түлектерді даярлап отырған Жезқазған-Ұлытау аймағындағы білім, ғылыми және мәдени жағынан қарқынды дамып келе жатқан орталық. 

Орталық Қазақстанда түсті металлургияны дамыту, Жезқазған аймағындағы кен орындарды өнеркәсіптік тұрғыдан игеру қажеттілігі, кеніштерді, зауыттар мен фабрикаларды іске қосу кадрларды даярлау мәселесімен тығыз байланысты болды. 1961 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің бұйрығы негізінде Қарағанды политехникалық институтының кешкі даярлық курсының базасында кешкі жалпы техникалық факультеті ашылды. Сөйтіп, аймағымызда тұңғыш жоғары білім ошағы пайда болды. «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша 100 студент оқуға қабылданды. А.С. Сагинов – факультеттің іргетасын қалаушы, көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері, т.ғ.д., профессор, ҚарПИ ректоры.

 Университет мақсаты – Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің көпсалалы университет ретінде қарқынды дамуы үшін ұлттық білім жүйесінің инновациялық дамытуын қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-технологиялық, кадрлық мәселелерді тиімді шешілуіне, әлеуметтік және жастар саясатын, білім саласындағы мемлекеттің стратегиялық жоспарын сәтті жүзеге асыруына мүмкіндік жасалынатын Жезқазған-Ұлытау аймағында мұғалімдерді, инженерлерді даярлайтын базалық орталық болуына жағдай жасау. 

Университет институттары:

  • Тау-кен және технология институты
  • Гуманитарлық-педагогикалық институт

Байланыстар:

100602,  Жезқазған,   Алашахан даңғылы, 1-Б

Электрондық пошта: univer_Zhez@mail.ru

 Кеңсе факсінің нөмірі: 8-7102-73-60-15