ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) – тек қана Павлодар аумағында емес, сонымен қатар Республикадағы ғылым мен мәдениеттің білім орталығы, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі болып табылады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің  бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Үш факультетте – машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды.  Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.

ПМУ факультеттері:

  • «Foundation» факультеті
  • Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті 
  • Металлургия, машинажасау және көлік факультеті
  • Cәулет–құрылыс факультеті
  • Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультеті
  • Энергетика факультеті
  • Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
  • Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
  • Агротехнологиялық факультет