ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Батуттарды пайдалануға тыйым салу мүмкін емес

Батуттар қалай пайдаланылатыны туралы журналистерге Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтып берді.

Төрағаның айтуынша, батуттарды пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын орган қазіргі уақытта жоқ. Бірақ 2016 жылы Индустриалды даму министрлігі Кедендік одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық реттеулерін әзірлеуге қатысты. Бұл техрегламенттер 2018 жылдың сәуірінен бастап күшіне енді. Онда бірқатар талаптар қарастырылған: олар қалай орнатылады, қайда, қандай алаңдарда, қандай қауіпсіздік шаралары болуы тиіс, қалай бекітілуі тиіс.

"Ең бастысы - онда батуттар дайындаушы зауыттың талаптарын сақтай отырып пайдаланылуы тиіс. Ішкі істер министрі Комитетке батуттардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды анықтау үшін Премьер-Министрге ұсыныс дайындауды тапсырды. Министр кеше полиция департаменттері мен ТЖ департаменттерінің басшыларына ел бойынша батуттарды пайдалануға назар аудару үшін тапсырма берді және кәсіпкерлерге ұсынымдық түрде оларды пайдаланбауды немесе барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып пайдалануды ұсынды", - деді В. Беккер.

Ол сорлы батут (аударылған батут Қарағандыда – ескерт.)бірінші рет орнатылған, бірақ оны пайдалануға тыйым салынған жоқ. Бұрын батут 2018 жылы пайдалуға берілген болатын.

"Техрегламентте де, пайдалану нұсқаулығында да талаптар бар. Жел жылдамдығын өлшейтін және желдің белгілі бір жылдамдығында батуттарды пайдалануға тыйым салынған аспаптар орнатылуы тиіс", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК төрағасы.

Алайда, Беккер батуттарды пайдалануға толық тыйым салуға әзірше мүмкін еместігін атап өтті.

 "Біз тек ұсына аламыз. Бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар келісілген Кәсіпкерлік кодексте аттракциондарды пайдалануды бақылау құзыреті – батут ғана емес, жалпы аттракциондар анықталған жоқ", – деді ол.

"Батуттарды пайдалануға тыйым салудың заңды құзыреті жоқ. Мен бүгін Премьер-Министрге осы мәселені анықтау туралы ұсыныстар әзірлеп отырмын.  Мен қандай бұзушылықтар жиі болып жатқанын айта алмаймын, себебі біз оны қадағаламаймыз және талдау жоқ. Біз тек сырттан бақылай аламыз", - деді В. Беккер.

Абай қаласының  өрт сөндіру бөлімінің бастығы артынғы күнмен жұмыстан шыққаны туралы ақпаратты ТЖК төрағасы теріске шығарды.

"Тексеру жүргізілді. Артқы күнмен ешкім ешкімді жұмыстан шығарған жоқ. Бұл қызметкер шын   мәнінде 2001 жылдан бастап 2019 жыл   жұмыс істеді. Ол оң жағынан сипатталды. Ол бұл бизнеспен айналыспады, оның әйелі айналысады. Ол ЖК 2018 жылы рәсімдеді. Полиция қызметкерлері жауап алған кезде, ол, әрине, күйеуі оған көмектескенін айтты", - деді В. Беккер.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні Қарағандыда қатты жел салдарынан үрлемелі батут аударылып, 11 жасар бала көз жұмды, екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр.