ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетің тарихы ҚР Білім министрінің 3 тамыз 2001 жылғы №643 бұйрығы бойынша АА №0000174 сериялы лицензиясымен Шымкент әлеуметтік – педагогикалық университеті және ҚР Білім және ғылым министрі берген АБ сериялы №0062184 лицензиясымен Академиялық инновациялық университеті болып бастау алады.

Осыған орай, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, ЖОО-ның Болон үдерісі параметрлерін орындауы және Қазақстан ЖОО дипломдарының халықаралық дәрежеге қол жеткізуіне байланысты, жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды. Осы саясатты қолдау мақсатында, ЖОО дамуының жаңа бағыттары бойынша, перспективалары мен нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, Республикамыздың Оңтүстік өңіріндегі жекеменшік ЖОО өздерінің материалды, интеллектуалды және қаржы ресурстарын біріктіруге шешім қабылдады. 

Қазіргі таңда университетте жалпы құрамы 409 ПОҚ тұратын, оның ішінде, 15 кафедрада 386-штаттық бірлік ұсынылған. Олардың ішінде 25 ғылым докторы, 170 ғылым кандидаты, 1 доктор PhD, 12 ЖАК доценті мен профессоры, 17 мәдениет және өнер қайраткері, 108 магистрант пен 76 оқытушы бар. АӘИУ ПОҚ «ЖОО үздік оқытушысы» атағын алу үшін ҚР БҒМ өткізетін конкурсқа белсене қатысады. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері бойынша: 2013 ж. (2012 жылдың қорытындысы бойынша) – 3; 2014 ж. (2013 жылдың қорытындысы бойынша) – 1; 2015 ж. (2014 жылдың қорытындысы бойынша) – 1. 

Университетті ашу және оның іргесін қалау, алғашқы кездескен қиыншылықтарға қарамай аяғынан тұрғызу, оны бүгінгі күні Республикадағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеріп, қалыптастыру барысында орасан еңбек атқарған Аймақтық әлеуметтік-инновациялық  университеттің Президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қозыбақов Момбек Жамалбекұлы.   

Студенттердің сапалы да саналы білім алулары үшін барлық оқу жүйесі  бүгінгі заман талабына сай жаңа заманауи техникамен жабдықталған зертханалар мен дәрісханалар, спорт кешені, кітапхана, компьютер орталығы, ғылыми конференция, семинарларды өткізетін орын, асхана, медициналық бөлім және жатақхана қызмет етеді. Ал университеттің  арнайы жабдықталған компьютерлік дәрісханаларында барлық  компьютерлер толығымен интернет желісіне қосылған. Орыс және ағылшын тілдерін студенттерге жеке меңгеру мақсатында лингафондық кабинет жұмыс жасайды. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері ғаламтор арқылы жаңалықтармен, мәліметтермен танысып, оларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алады.

АӘИУ факультеттері:

  • Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
  • Физика-математика және кәсіби білім факультеті
  • Бизнес және техника факультеті
  • Өнер және спорт факультеті
  • Филология және құқық факультеті
  • Жаратылыстану факультеті
  • Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті

Байланыстар: 

Шымкент қ.,   Д. Құрманбеков көшесі,  4

Электрондық пошта: rsiu2012@mail.ru

Кеңсе: 8 (7252) 35-91-77

Кеңсенің  факсі: 8 (7252) 35-94-46