ҚР ҰБ курстары, 24.04.2024
RUB 4.76 (-0.02)
EUR 473.33 (-1.25)
USD 444.32 (-1.34)

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қостанай губерниясы мен өңірінде педагогикалық кадрларды дамыту, қалыптастыру және даярлауда білім беру жүйесінің келешегі зор болды. Себебі облыста мектептердің ұдайы өсуі байқалды. Бұл мектептерді жаңа мұғалімдермен жүйелі түрде толықтыруды талап етті. Қазақстан мен облыс үшін мұғалімдердің жетіспеушілігі ертеден келе жатқан проблемалардың бірі. Әсіресе ұлттық кадрлар жетіспеді.

Қазақ ССР Кеңестік халық комитеті мен Республикалық ағарту халық комитетінің келісімі бойынша Еңбекші депутаттар кеңесі Қостанай атқарушы облыстық комитетінің президиумы 1939 жылдың 21 тамыз айында «Қостанай мұғалімдер институты мен оның бөлімшелерін құру туралы» қаулы қабылдады.

Педагогикалық институт университет құрамында 12 жылдай болды. Осы уақыт ішінде негізінен мұғалімдік мамандық сақталып қалды, алайда олардың кейбірі қайта өзгертілді. Мектептер тиісті білімі бар мұғалімдерге зәру болды. Педагогикалық институтты қайта құру идеясын қалың жұртшылық оң қабылдады. 2004 жылы Үкімет республикада 5 педагогикалық жоғары оқу орнын, оның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын құру туралы шешім қабылдады. Осылай 2004 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасында заманауи оқу орны ретінде педагогикалық институт пайда болды.

2004 жылдың 1 сәуірінде ЖОО жаңадан педагогикалық мәртебесін алып, университеттен бөлініп шықты. Қазіргі таңда институттың профессор-оқытушылық құрамы мұғалімдерді даярлауда сапалы жетілдіру жүйесін қалыптастыру міндетін шешуде. Сонымен қатар оқу жоспарлары мен оқу-тәрбие үрдісінің барлық кешенін жетілдіру бағдарламасын бір жүйеге түсіру мәселелерімен айналысуда.

Университет факультеттері:

  • Жаратылыстану-математика факультеті
  • Филология факультеті
  • Психология және педагогика факультеті
  • Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
  • Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті

Байланыстар:

110000  Қостанай қ.,   Тәуелсіздік көшесі (Таран), 118

Электрондық пошта - kgpi118@mail.ru

  Факс нөмірі  – 7142-53-04-55