ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті тарихы:

1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды. 

1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.

1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады. 

1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды. 

1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 

1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ миссиясы: Қызылорда өңірі мен жалпы Қазақстанның барлық экономикасы салаларының индустриалды-инновациялық даму мәселелерін шешуге бағдарланған  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

ҚМУ факультеттері:

  • Педагогика факультеті
  • Филология, тарих және құқық факультеті
  • Жаратылыстану ғылымдары факультеті
  • Инженерлі-технологиялық факультеті
  • Инженерлі-экологиялық факультеті
  • Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті

Байланыстар: 

120014, Қызылорда қ.,  Айтеке би  көшесі, 29А

Электрондық пошта: korkyt_ksu@mail.ru

Кеңсе  факсінің нөмірі:  8 (724 2) 26-27-14