ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты

Сыр елінде білім беру ісінде өз орнын тапқан жоғары оқу орындарының бірі - «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты. Институт 1998 жылы Қызылорда инженерлік-экономикалық институты болып құрылды. Оқу үдерісі «Техника және бизнес» факультетінің математика және  ақпараттық технология, экономика және менеджмент, жалпы инженерлік пәндер, әлеуметтік пәндер кафедраларында ұйымдастырылды. 2009 жылы Қызылорда инженерлік-экономикалық институты «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты болып қайта тіркелді.

Институт құрылған жылдардан бастап профессор-оқытушылар құрамында Сыр елінде танымал ғалымдар еңбек етті. Олар: техника ғылымдарының докторлары, профессорлар С.Ә.Монтаев, С.З.Рахатов, Б.Е.Тыныштықбаев;  педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.С.Үсенов; физика-математика ғылымдарының докторы А.Ж.Сейітмұратов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.З.Сауытбаева; техника ғылымдарының кандидаттары Ж.Н.Байманов, П.Ә.Таңжарықов, Д.Т.Байниязов, Н.Әбілдаев, С.Аханов, М.Ембергенов, А.Т.Үргенішбеков, Ғ.О.Қаршыға, А.Т.Шегенбаев, А.М.Жабағиев; ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары Ж.Ә.Әбілдаева, Ф.О.Искакова, М.М.Жанзақов, Б.Т.Кенжалиева; экономика ғылымдарының кандидаттары Ш.Қ.Алехина, Д.А.Ахметов, А.Б.Әлібекова; физика-математика ғылымдарының кандидаты А.О.Мұстаяпов; география ғылымдарының кандидаттары Қ.Ә.Омаров, О.Т.Айдаров; химия ғылымдарының кандидаты Н.Ахатаев.

Институт қабырғасында еңбек нарығына қажетті жоғары кәсіби және сұранысқа ие мамандар дайындалады. «Ақмешіт»  гуманитарлық-техникалық институты түлектері Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында жемісті еңбек етуде. Еңбек нарығына сай сапалы мамандар даярлау мақсатында институт құрылтайшылары материалдық-техникалық базаны нығайтуды ерекше назарда ұстайды.

Институт кафедралары:

  • Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер кафедрасы
  • Экономика және қызмет көрсету кафедрасы
  • Инженерлік мамандықтар кафедрасы

Байланыстар: 

120016, Қызылорда қ.,   Г. Мұратбаев көшесі, 43

Электрондық пошта: akmeshit@mail.ru

Кеңсе : 8 7242 24-60-16

Факс: 87242 24-60-47