ҚР ҰБ курстары, 25.04.2024
RUB 4.8 (+0.04)
EUR 474.3 (+0.97)
USD 443.85 (-0.47)

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы қаулыны 1997 жылы 18 наурызда қабылдады.

Қазіргі кезде Әскери институтта зор өмірлік және қызметтік-жауынгерлік тәжірибеге ие жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық, басшылық және профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасты, материалдық база құрылды. Оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және мамандықтардың оқу жоспарлары, курсанттардың жеке оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасының мазмұны: жалпы білім беретін, базалық және бағдарлы пәндердің циклін оқытатын теориялық оқу; оқытудың қосымша түрлері: кәсіби тәжірибелердің әр түрлі түрлері, дене шынықтыру дайындығы және басқалары; аралық және қорытынды аттестаттау.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының үшінші басымдық шартында Ұлттық ұланға қажетті жоғары адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерге ие қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті офицерлерді дайындауда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты іс жүзінде еліміздің беделді әскери оқу орындарының бірі болмақ.

Институт кафедралары:

  • Қызметтік жауынгерлік қолдану кафедрасы
  • Тактика және жалпыәскери пәндер кафедрасы
  • Қаруландыру және ату кафедрасы
  • Техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасы
  • Әскери педагогика және психология кафедрасы
  • Дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы
  • Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы
  • Тілдік дайындық кафедрасы

Байланыстар:

150009. Қазақстан, Петропавл қаласы. к. Ж. Кизатова, 6.
Тел, факс: (8-7152) 47-58-03
Кезекші: (8-7152) 37-17-26
E-mail: info@vivv.kz