ҚР ҰБ курстары, 28.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 486.94 (-1.57)
USD 449.58 (-0.49)

Ақпараттық білім беру порталын іске қосу

Құрметті Kundelik жүйесінің пайдаланушылары!


Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Kundelik командасы өзінің бар күш-жігерін бұрынғыдай Қазақстанның білім беру саласына арналған ыңғайлы, заманауи жүйе жасауға бағыттайтын болады. Өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, Сіздердің игілігіңіз үшін бірқатар жаңа өзгерістерді енгізіп жатырмыз.

Біздің сайтымыздың сыртқы көрінісінің өзгергенін байқаған боларсыз.  Бұл біздің жаз бойы төгілген қажырлы еңбегіміздің  көрнекі жаңартуының  бірі. Бұдан былай, біздің жүйемізде  ақпараттық білім беру порталы болады. Онда біз барлық қажетті және ыңғайлы сервистерді біріктірдік, сондай-ақ еліміздегі білім туралы маңызды ақпаратты жинайтын боламыз.

Сіз әлі де Kundelik сайтында бағаларды және үй тапсырмаларды біліп, мектеп оқиғаларынан хабардар болып,  сонымен қатар балаларыңыздын жетістіктерін бақылай аласыз. Әдеттегі күнделікке  жүйеміздің бас бетіндегі тиісті батырманы басу арқылы кіруге болады. Бірақ асықпаңыз – біздің  сіздер үшін даярлаған  қызықты ақпаратты қарап шығыңыз. Біз сіздің қажетті мәліметтер мен білім беру қызметтерін іздеуге көп уақыт жұмсамағаныңызды  қалаймыз - сондықтан біз порталымызда қажеттінің барлығын жинадық. Сіздің пікірлеріңіз өте маңызды - Сізге ұнайды ма? Мүмкін біз порталда көрсетуді ұмытып кеткен өте маңызды нәрсе бар шығар? Бізге team@kundelik.kz адресіне хабарласуды сұраймыз.

Сіздерге және Сіздің балаларыңызға оқуда және өмірде табыс, ең бастысы шыдамдылық пен өзара түсіністікті тілейміз.


Құрметпен,
Kundelik Командасы