ҚР ҰБ курстары, 25.04.2024
RUB 4.8 (+0.04)
EUR 474.3 (+0.97)
USD 443.85 (-0.47)

Алдар Көсе - new version

Қазақстанның Н.Сац атындағы балалар және жасөспірімдер театры көрермендер мен театр жанкүйерлері үшін жаңа театр маусымының бай және қызықты болатынына уәде береді. Аты аңызға айналған театр труппасы көпшіліктің назарына - жас талантты режиссер Еслям Нұртазиннің «Алдар Көсе - new version» жаңа премьерасын ұсынады. 

Кедейдің ұлы, тапқыр және айлакер Алдар-Көсе кедей-кепшіктерді қорғайды, ақылдылық пен ептілік арқылы ашкөз байларды, жалқау адамдарды, ақымақтарды және тіпті шайтандарды алдайды және жазалайды. Даладағы біреу лайықты жазасын алған кезде адамдар: «Бұл біздің, Сақалсыз алдаушы, әрине, бұл оның амалдары», - деп адамдар таңдана айтатын. 

«Алдар Көсе new version»- заманауи қарқынды дамыған технологиялық ХХІ ғасырда Алдар Көсе өзгермейді, оны танымау мүмкін емес: ол бұрынғыдай әділеттілік жағында, адамгершіліктің әртүрлі жамандықтарын келемеждейді. Әнімен және әзілімен қоғамның жаңа заманауи мәселелерін шешуге кіріседі. 

Әсіресе, танымал жас таланттар Еслям Нұртазин, Максим Германцев және Әділет Таменов биылғы жылы - Қазақстан жастар жылында Қазақстанның балалар және жасөспірімдер театрына жаңа қойылым жасау үшін бірлесіп жұмыс жасағандары ерекше назар аудартады. Көрермендер балалар үшін де, ересектер үшін де дәстүрлі және заманауи қызығушылық стильдерін қолдана отырып, спектакльді құру жаңа тәсілінің қалыптасқанына куә болады. 

Спектакль динамизммен, жарқын декорациямен және костюмдерімен ерекшеленеді. Әйгілі халық композиторы Молдабай шығарғанАлдар Көсенің әні осы спектакль үшін композитор Максим Германцевтің орындауында арнайы өңелді. Бұл замануи көрерменнің талғамына сәйкес келетін халық музыкасының жаңа нұсқасы. Би қоюшысы - режиссер-хореограф Әділет Таменов халық биі мен хип-хопты синтездеуде шешім табады. 

Қазақстан балалар және жасөспірімдер театрының тарихи сахнасында сіз өзіңіздің сүйікті әртістеріңізді тағы да кездестіресіз: Алдар Көсе - Махсат Сахиұлы, «Сахнагер-2018» сыйлығының лауреаты, Никита Коньшин, «Сахнагер-2017» сыйлығының лауреаты және театр труппасы жастар құрамының басқа да әртістері. Жаппай көріністерде Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысады.

Еслям Нұртазин - режиссер, театр және кино актері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Нью-Йорк киноакадемиясының түлегі; DIMF2012 Оңтүстік Кореядағы Халықаралық мюзиклдер фестивалі Алтын кубогының; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Елбасы сыйлығының иегері. «АstanaMusial» Мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі. PhD докторы.