Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының Ғаламторға қол жетімділігін арттыру мақсатында мектептердегі Ғаламтор-арналарының жылдамдығына жалпы ұлттық мониторинг жүргізеді.
Әр мектептің қатысуы маңызды! Нұсқаулықты мұқият оқып шығып, назарсыз қалдырмауыңызды сұраймыз.
Өлшеу 2019 жылдың 16 - 18 қазан аралығында кемінде 3 рет, әр түрлі уақытта, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілуі керек.
1. Сайтқа өту https://edu.mail.kz/speed/ .
2. Нысанды толтыру:
- Тегі, аты, лауазымы - мысалы, Садықов Айдын, оқу ісінің меңгерушісі;
 - Облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, аудан - мысалы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы;
 - Елді мекен - мысалы, Көктерек ауылы;
 - Мектептің ресми атауы - мысалы, «Көктерек орта мектебі» КММ.
 
Толтырылған нысан келесі мысалда көрінеді:

3. «Начать измерение скорости» батырмасын басыңыз. Сіз осындай суретті көресіз:

Бұл процедураны әр түрлі уақытта 3 рет, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылдың 16-18 қазан аралығында қайталау қажет.
Қатысқаныңыз үшін рахмет!
    RUB
    6.55
    
    EUR
    608.35
    
    USD
    528.31
    