ҚР ҰБ курстары, 01.11.2020
RUB 5.47 (0.00)
EUR 505.02 (0.00)
USD 432.64 (0.00)

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының Ғаламторға қол жетімділігін арттыру мақсатында мектептердегі Ғаламтор-арналарының жылдамдығына жалпы ұлттық мониторинг жүргізеді.

Әр мектептің қатысуы маңызды! Нұсқаулықты мұқият оқып шығып, назарсыз қалдырмауыңызды сұраймыз.

Өлшеу 2019 жылдың 16 - 18 қазан аралығында кемінде 3 рет, әр түрлі уақытта, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілуі керек.

1. Сайтқа өту https://edu.mail.kz/speed/ .

2. Нысанды толтыру:

  • Тегі, аты, лауазымы - мысалы, Садықов Айдын, оқу ісінің меңгерушісі;
  • Облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, аудан - мысалы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы;
  • Елді мекен - мысалы, Көктерек ауылы;
  • Мектептің ресми атауы - мысалы, «Көктерек орта мектебі» КММ.

Толтырылған нысан келесі мысалда көрінеді: 


3. «Начать измерение скорости» батырмасын басыңыз. Сіз осындай суретті көресіз:

Бұл процедураны әр түрлі уақытта 3 рет, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылдың 16-18 қазан аралығында қайталау қажет.

Қатысқаныңыз үшін рахмет!