ҚР ҰБ курстары, 13.07.2024
RUB 5.44 (+0.01)
EUR 517.21 (+2.73)
USD 475.03 (+0.77)

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы көптармақты және көпсалалы оқу орны, түлектері әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнердің алтын қорын құрайтын шығармашылықтың зиялы қауымын дайындайтын, өзін мойындатқан орталық.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тарихы 1955 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтында (қазіргі Консерватория)  театр бөлімі ашылған кезден басталды. 1977 жылы оның негізінде Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты (АМТКИ) құрылған. Басшылық еткен ректор Г. Жанысбаевамен бірге  (1978-1985 жж.) театр факультетінің алғашқы ұйымдастырушылары мен ұстаздары отандық ғылымның, мәдениет пен өнердің тұтас дарынды легі болды, олардың ішінде  А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Г.Рутковская, Т.Наурызбаева, А.Кұлбаев, Д.Тұранқұлова, М.Омарбаева, Е.Сегізбаев, Д.Сүлеев, Ж.Қапесов, Д.Арынғазиева, Г.Жұмағалиева және т.б. профессорлар бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы №236 қаулысына сәйкес, бұрынғы Қазақ мемдекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы негізінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылып, оған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А. Қышқашбаев ректорлық етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына арнайы атау беру туралы» жарлығына сәйкес, академияға «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» деген ерекше атау берілді.  

Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы 400-ден астам адамды құрайды. Оның арасында 11  ҚР халық әртістері, оның 2-і КСРО халық әртісі,  15 ҚР мемлекеттік сыйлық лауреаттары, 11 Тарлан тәуелсіз сыйлығының лауреаттары, 68-і мәдениет және  өнер саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, 29-ы халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдар лауреаттары, 40 ЖАК профессорлары мен ғылым докторлары, 58-і ғылым кандидаттары, 15-і PhD докторлары, 50-і доценттер.   Профессорлық-оқытушылық құрамның, магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулері өнертану мен кәсіби білім берудің басым бағыттары бойынша жүргізіледі.

Академия факультеттері:

  • Театр өнері
  • Кино және ТВ
  • Хореография
  • Кескіндеме, мүсін және дизайн
  • Өнертанушылық
  • Музыка өнері

Байланыстар:

050000  Алматы қ.,   Панфилов көш., 127

е-mail.:  kaznai@art-oner.kz

Кеңсе: 8 /727/ 261-42-40

факс: 8 /727/ 261-15-98