ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Мектептегі 3 тоқсан бойынша демалыс күндерінің басталу күнін ауыстыру үшін:

Қадам-1. 16-20 наурыз аралығында БАРЛЫҚ сыныптар бойынша сабақ кестесін жою.

Кесте сұлбасын жариялағаннан кейін сабақ мәліметтерімен жұмыс (қосу, өңдеу және жою) есептік кезеңнің торында тікелей жүргізіледі.

Назар аударыңыз: Кестені тазарту рәсімі оның сабақтарымен барлық байланысты мәліметтерін жоюын көздейді: ол - сабақ туралы жалпы ақпарат, бағалар, сабаққа қатысу туралы белгілер, үй тапсырмалар және сабаққа жазылған пікірлер.

Кестені бір апта ішінде немесе барлық есептік кезеңде тазалау мүмкіндігі бар. Ол үшін:

  • «Мектеп»;
  • «Кесте»;
  • сыныпты таңдап, атауына басу;
  • қажетті аптаны таңдау:

___

Ескерту: Тек таңдалған апта бойынша кестені тазарту рәсімі жүзеге асырылады.

Ағымдағы құпиясөзді енгізіп, «Тазарту» батырмасына басу қажет.

Қадам-2. Есептік кезеңнің ішінде 3 тоқсанның аяқталу күнін өзгерту қажет.

Ол үшін:

  • «Мектеп»;
  • әкімшілік ету блогына өту;
  • «Есептік кезең» батырмасына басу;
  • қажетті есептік кезеңді ашу;
  • 3-тоқсанның аяқталу күнін: 14.03.2020 күніне ауыстыру.

Қадам-3. Сабақ тақырыптарын біріктіру/тұтастыру.


Жүйеде сабақ тақырыптарын топтастыруды жүзеге асыру үшін:

  • «Күнтізбелік жоспарлау» өрісіне өту;
  • 2 тақырып өтетін күннің үстіне басу (1-тақырып негізгі, 2-тақырып мерекелік күннен жоғалған тақырып);
  • келесі нұсқалардың бірінде екі тақырыпты көрсету:

1). «Тақырып-1. / Тақырып-2».

2). «Тақырып-1. Тақырып-2 (бұйрық нөмірі)».

Ескерту: Егер сыныпта КТЖ жарияланған болса, онда оны жариялаудан алып тастап, «қарындаш» батырмасына басу арқылы, жоғарыда көрсетілген нұсқау арқылы тақырыпты өңдеу қажет.

Қажетті деректемелерді енгізгеннен кейін, КТЖ-ны қайта жариялап, кесте бойынша үлестіру қажет.

Барлық сұрақтар бойынша қолдау қызметіне +7 727 313 18 32 телефон немесе team@kundelik.kz электрондық пошта арқылы хабарласыңыз.