ҚР ҰБ курстары, 24.04.2024
RUB 4.76 (-0.02)
EUR 473.33 (-1.25)
USD 444.32 (-1.34)

Қазақ ұлттық хореография академиясы

1. Миссия: біз хореографиялық өнер және мәдениет саласында қазақстандық қоғамның рухани-эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлап шығарамыз.

2. Пайымдау: Қазақ ұлттық хореография академиясы – елімізде және Орталық Азия өңірінде сұранысқа ие және Қазақстанның хореографиялық өнерін халықаралық деңгейге шығаратын хореографиялық өнер қайраткерлерін көп деңгейлі даярлауды жүзеге асыратын бірегей білім, ғылыми-шығармашылық орталық.

3. Негізгі құндылықтар:
– жаңа хореография мектебі жағдайында әлемдік классикалық балет мұрасын кіріктіру;
– қазақ халық биін сақтап қалу және дамыту;
– Хореография академиясының шығармашылық жетістіктерін отандық және шетелдік қауымдастыққа жылжыту және көпшілікке таныту;
– жаһандық әлемде отандық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі мен ұлттық сәйкестігін айқындайтын ұлттық мәдени мұраның басымдылығы;
– елдің мәдени саналуандылығын құрметтеу, көп этникалық Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін қолдау және дамыту;
– шығармашылық жеке тұлға және өз мәдени болмысын таныту формаларының еркіндігі;
– мәдениет пен өнерді әлеуметтік-экономикалық дамудың өсу факторы және күшті ресурсы ретінде мойындау;
– жаңа институционалдық бірлестіктер, заманауи мәдени кластерлер және озық техниялогиялар базасындағы әріптестік.

4. Стратегиялық мақсаттар:
– білім беру дамуының заманауи жаһандық үдерістеріне сәйкес көп бейінді хореографиялық білім берудің бірегей моделін құру;
– Хореография академиясында жоғары білікті педагогтар ұжымын кадрлар даярлаудың барлық бағыттары бойынша жинақтау;
– Академияда ғылыми-әдістемелік орталық құру, оның қызметі білімдерді жүйелендіруге, жалпылауға және беруге бағыталатын болады;
– білім алушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау және оның халықаралық мәдени кеңістікке жылжыту;
– Болон конвенциясының принциптерін іске асыру негізінде халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес болу;
– түлектердің – Қазақстанның ел ішіндегі және одан тысқары жердегі шығармашылық элитасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін білім, ғылым және өнердің тиімді кірігу моделін құру.

«Қазақ ұлттық хореография академиясы»  КАҚ Ғылыми кеңесі (ары қарай – ғылыми кеңес) – «Қазақ ұлттық хореография академиясы»  Коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ары қарай – Академия) басшылық ететін өкілдік сайланбалы орган.

Ғылыми кеңес төраға басшылығымен айына 1 рет шакырылады. Академияның ғылыми кеңес отырысында хатшы хаттама жүргізеді. 

Академия Ғылыми кеңесінің қызметтері:

  • әр түрлі қызмет түрлері бойынша актілерді қарастыру және қабылдау (ережелер, заңдар, қағидалар), актілер Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Академия жарғысына сәйкес болуы тиіс;
  • сәйкес бағытта кәсіби орта білімі немесе әр түрлі деңгейдегі жоғарғы білімі бар студенттердің оқу мерзімін қысқарту;
  • оқу жылының басталуын ауыстыру;
  • декан және кафедра меңгерушілерін сайлау тәртібін, оқытушылар мен профессорлар құрамының орнын басушыларды конкурстық түрде таңдау ережелерін анықтау, факультет деканы мен кафедра меңгерушілерін сайлауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес студенттерді және мемлекет бюджет есебінен білім алушыларды стипендиямен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
  • Академияның әлеумметтік-экономикалық және стратегиялық дамуының негізгі мәселелерін шешу;
  • Оқыту және тәрбие беру үрдісінің құрамын, үрдісті ұйымдастыруды талдау, ғылыми-зерттеу үрдісін, халықаралалық қатынастар мен шаруашылық қызметті жетілдіру, ғылыми атаққа, жаңа лауазымға ұсыну, бакалавриат, магистратура, докторантурада жаңа мамандықтар ашу, диссертациялық кеңес құру;
  • Диссертация тақырыптарын бекіту;
  • қызметкерлерді құрметті атаққа, мемлекеттік марапаттарға және басқа да көтермелерге ұсыну мәселелерін қарастыру;
  • техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі оқыту бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес барлық бағыттағы мамандарды дайындау жоспарын және ондағы өзгерістерді талқылау;
  • факультет, кафедра және басқа да бөлімше басшыларының есебін тыңдау арқылы Ғылыми кеңестің шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Академия Ғылыми кеңесі оқу үрдісін, әдістемелік, ғылыми, тәрбие, шығармашылық бағыттағы, кадрлық, қаржылық, шаруашылық, халықаралық әрекеттерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері бойынша шешім қабылдауға құзыретті.

Ғылыми кеңес төрағасы – Ректор, РФ Халық артисі, РФ мемлекеттік сыйлығының Лауреаты – Асылмуратова Алтынай Абдуахимовна;

Байланыстар:

Нұр-Сұлтан қ.,  Ұлы Дала даңғылы, 9

Электрондық пошта: kazah.choreography.kz@gmail.ru  

Кеңсе: 8 (7172) 798-577