ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Үй тапсырмаларымен жұмыс істеу

Жүйеге үй тапсырмалары туралы ақпаратты енгізу негізінде бірқатар есептер құрастырылады, мысалы, "ЭЖК жүргізу статистикасы", "Белсенділік: Жалпы", "ҮТ орындау уақыты".

Жүйеде есеп дұрыс құрылу үшін, кестеде құрылған әрбір сабаққа, күнтізбелік жоспарлауда үй тапсырмасы тағайындалуы тиіс. Егер пән бойынша сабақтарда үй тапсырмалары жоқ болса, онда "ҮТ сабақтарының %" бағанасында "ЭЖК жүргізу статистикасы" есептерінде 0%-ға тең болады, бұл дұрыс көрсеткіш болып табылады.

Үй тапсырмасының күйін өзгерту

Оқушылардың үй тапсырмаларының орындауына қарай, берілген үй тапсырмаларды «Орындалды» күйіне ауыстыру қажет. Осы көрсеткіштің негізінде «Белсенділік: жалпы» есебінің мәні құрылады.


Үй тапсырмасының күйін өзгерту үшін қажет:

  • «Мектеп - Үй тапсырмалары» қойындысына кіру»;
  • үй тапсырмаларын көрсету параметрлерінің баптауында көрсету:

    • оқу жылы;
    • пән;
    • сынып;
    • үй тапсырмасын берген қызметкер;
    • үй тапсырмасын орындау мерзімін көрсету.
  • «Табу» батырмасын басу:

  • одан әрі күйін өзгертуге қажет үй тапсырмасының мәтініне басу қажет:

  • үй тапсырмасының бетінде үй тапсырмасының күйін жаппай өзгерту үшін «Күйі» бағанындағы «Қосу» бастырмасына басу қажет:

  • жеке оқушылардың үй тапсырмасының күйін өзгерту үшін, таңдаған оқушының аты-жөніне қарама-қарсы «Күй» бағанасында үй тапсырмасы күйінің мәніне басу қажет:

  • ашылмалы тізімде үй тапсырмасын орындаған үшін оқушыға «Орындалды» күйін басу немесе, егер оқушыға үй тапсырмасы қате берілсе «Бас тарту» мәртебесін таңдау.

Үй тапсырмасын беру параметрлерін баптау

Пән бойынша мұғалімнің үй тапсырмасын жасау кезде келесі параметрлерді баптау мүмкіндігі бар:

  • баға түрі;
  • журналдардағы көріну деңгейі:

    • көрсету (осы параметрді таңдағанда, журналда осы үй тапсырмасы үшін баған пайда болады);

Ескерту: үй тапсырмалары үшін бағалар журналда сұр түспен беогіленеді.


    • көрсетпеу (үй тапсырмасының бағалары пән журналында көрсетілмейді).
  • үй тапсырмасын тексеру қажеттілігі:

    • тексеру талап етіледі (пән бойынша мұғалім орындалған үй тапсырмаларымен танысқанша және олардың күйін өзгертпегенше, үй тапсырмасы жабылмайды);
    • тексеру талап етілмейді (оқушылардың үй тапсырмасы орындалғаннан кейін жабылады).
  • нәтижесі бар файлды жіберу қажеттілігі:

    • нәтижесі бар файл қажет (оқушыларда файлды үй тапсырмасына қосу мүмкіндігі пайда болады);
    • нәтижесі бар файл қажет емес (оқушыларда орындалған үй тапсырмасы бар файлды қосу мүмкіндігі болмайды):

 Жүктелген файлдың ең үлкен өлшемі - 12 Мб

Ескерту: үй тапсырмасының параметрлерін, үй тапсырмасын жасаған кезде сабақ бетінен «ҮТ Қосу» батырмасын басу арқылы немесе «Мектеп - Үй тапсырмалары» бетінде «ҮТ Қосу» батырмасын басу арқылы реттеуге болады:

Ескертулер:

  • үй тапсырмасы берілген сабақ күні басталғаннан кейін, үй тапсырмасының мәтінін өзгерту ұсынылмайды;
  • жүйеде үй тапсырмаларын жаппай жабу мүмкін емес.

Жеке үй тапсырмасын қалай беруге болады?

Үй тапсырмасын (әрі қарай - ҮТ) құрудың және берудің бірнеше әдісі бар:

  • нақты сабақтың бетінде;
  • «Күнтізбелік жоспарлау» бетінде;
  • «Үй тапсырмасы» бетінде.

Сабақ бетінде және «Үй тапсырмасы» бетінде жеке ҮТ құру

Нақты сабақ бетінде немесе «Үй тапсырмасы» бетінде жеке ҮТ құру үшін:

  • сабақ бетіне өтіп, «ҮТ қосу» батырмасын басу (қосымша: «Үй тапсырмасы» бетінде сыныпты және сынып кестесінен сабақты таңдау қажет болады);
  • келесі деректерді көрсетіп, ҮТ құру:

    • журналда көріну парамметрлерін реттеу (қажетті болған жағдайда);
    • бағалау түрі (қажетті болған жағдайда);
    • ҮТ сипаттамасы;
    • орындалуына кететін уақыт;
    • файл тіркеу (қажетті болған жағдайда);
  • стрбеттің төменгі бөлігінде «Сақтау және әзірше бермеу» батырмасын басу;
  • ашылған бетте, ҮТ берілетін оқушыларды, қанат белгісімен белгілеу;
  • «Таңдалған оқушыларға жіберу» батырмасын басу қажет.

Үй тапсырмасы тек қанат белгісімен белгіленген оқушыларға ғана беріледі. ҮТ берілмеген оқушылардың жанында «Тоқтатылды» күйі болады.

Ескерту: «ҮТ беру» батырмасы таңдалса, ҮТ сыныптың барлық оқушыларына автоматты түрде беріледі. Егер ҮТ сыныптың барлық оқушыларына қате берілсе, оның күйін өзгерту қажет. Ол үшін, бұл ҮТ берілмеген оқушылардың жанындағы «Берілді» күйін басып, түскен тізімнен «Тоқтатылды» нұсқасын таңдау қажет.

«Күнтізбелік жоспарлау» бетінде жеке ҮТ құру

«Күнтізбелік жоспарлау» бетінде құрылған ҮТ автоматты түрде барлық оқушыларға беріледі.

«Күнтізбелік жоспарлау» бетінде жеке ҮТ құру үшін, келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • нақты сыныптың пән бойынша күнтізбелік жоспарлауына өту;
  • жаңа ҮТ құру немесе өзгертулер енгізу қажет ҮТ табу;
  • күнтізбелік жоспарлау кестесінде ҮТ нөмірінің жанында тұрған «Қарау» сілтемесін басу;
  • ашылған бетте ҮТ берілмеген оқушылардың жанындағы «Берілді» күйін басып, түскен тізімнен «Тоқтатылды» нұсқасын таңдау;
  • қажет болған жағдайда, осы іс-әрекетті басқа да сыныптарға орындау.

Үй тапсырмасы тек «Берілді» күйі бар оқушыларға ғана көрінеді. Қалған оқушыларға ҮТ көрінбейді.

ҮТ сипаттамасына арнайы таңбаларды қалай қосуға болады?

Едәуір жиі мұғалімдерге сабақтың сипаттамасына немесе сабақ жоспарлауына  пернетақтада болмаған таңбаларды енгізу керек.

Күрделі таңбалармен, оның ішінде пернетақтада жоқ таңбалармен тапсырманы жасау, таңбалар кестесінің көмегімен (Alt пернесі мен таңба кодының комбинациясы) мүмкін.

Пернетақтадан енгізу

Төмендегі кестеде оқу үрдісіндегі ең қолайлы және пайдалы кодтар (Windows және Mac OS үшін де қолданылады) көрсетілген.

Қажетті таңбаны енгізу үшін Alt пернесін басып, сонымен қатар пернетақтаның бүйірлік тақтасында код енгізіледі (сандық бөлігі). Пернетақтаның жоғарғы қатарындағы сандар арнайы таңбаларды енгізу үшін пайдаланылмайды!Num Lock қосулы екендігіне көз жеткізу қажет.


Егер кодтың басында «0» болса, оны да енгізу керек. Таңба Alt пернесін жібергеннен кейін пайда болады.

Таңбалық кестенің көмегімен енгізу.

Арнайы таңбалардың толық тізімі операциялық жүйеде алдын ала орнатылған.

Windows

Кестені ашу үшін қажет:

  • «Пуск» батырмасын басу;
  • іздеу өрісіне «Таблица символов» енгізу;
  • нәтижелер тізімінде «Таблица символов» тармағын таңдау.


Керекті таңбаны енгізу үшін қажет:

  • құжатқа енгізу қажетті арнайы таңбаны таңдау;
  • «Выбрать» батырмасын басу, содан кейін «Копировать» батырмасын басу;
  • сабақтың парақшасын немесе үй тапсырмасын/күнтізбелік жоспарлауды ашу және меңзерді арнайы таңбаны кіргізгіңіз келетін орынға орналастыру;
  • мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен шақыру, «Вставить» пунктін немесе «Ctrl + V» пернелерінің комбинациясын пайдалану.

Mac OS

Арнайы таңбалармен жұмыс істеу арқылы жүйені белсендіру үшін қажет:

  • «Язык и текст» - параметрлерін ашу және «Клавиатура» қойындасына өту;
  • «Показывать панели «Клавиатура» и «Символы» пунктіне қанат белгісін қою.


Арнайы таңбалар тақтасын ашу үшін қажет:

  • «Меню» ашу;

  • «Символы» панелін таңдағаннан кейін, арнайы таңбалар кестесі ашылады, онда құжатқа енгізілетін таңбаны таңдау үшін екі рет басу қажет.