ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша қашықтықтан оқыту бейнесабақтары

«Бөбек» ҰҒПББСО барлық сыныптар үшін қазақ және орыс тілдерінде «Өзін-өзі тану» пәнін қашықтан оқытуға арналған бейнесабақтар әзірлегенін қуана хабарлаймыз. Бейнесабақтардың мазмұны Қазақстан Республикасының Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының қолданыстағы оқу жоспарына сәйкес келеді. Олар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеялары мен принциптерін жүзеге асыруға бағытталған.

Сабақ барысында оқушыларға сабақтың дәйексөзімен, мәтінмен, ойлануға арналған сұрақтар арқылы жұмыс жасау ұсынылады. Содан кейін шығармашылық тапсырмалар мен жоба бойынша тапсырмалар ұсынылады. Ары қарай әр мұғалім өзі оқушымен жұмыс жасап, кері байланыс орнатады, шығармашылық тапсырмаларды орындауға, жоба бойынша жұмыс жасауға бағыт береді.

  • Оқудың бірінші апталығының сабақтары www.ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталында «Ұстаздарға арналған» бөлімінде «Видео-галерея» бөлімшесінде орналастырылған

  • Бейнесабақтарды құру жұмыстары жалғасуда.