ҚР ҰБ курстары, 12.11.2024
RUB 5.03 (-0.02)
EUR 525.71 (-4.26)
USD 492.65 (+0.94)

KUNDELIK.KZ: Қазақстанда қашықтан оқытудың алғашқы аптасы аяқталды

Коронавирус  індеті салдарынан карантин жарияланып, алғаш рет әлемнің 165 елі қашықтан оқуға көшті. Адамзат тарихында алғаш рет дүниежүзінде балалардың өмір сүру дағдысы мен білім беру ұйымы бір мезгілде өзгеріп отыр. Қашықтан білім алуға көшу барлық жерде, тіпті экономикасы дамыған елдердің өзінде де оңайға соғып жатқан жоқ. Өйткені ол үшін компьютерлер мен білім беру саласындағы ақпараттық технологиялардың болуы жеткіліксіз, ол үшін ең алдымен қашықтан оқыту әдістемесі болуы, инфрақұрылымның дамуы, пайдаланушылардың жылдам интернетпен қамтылуы, компьютерлік сауаттылық және т. б. керек.

Естеріңізге сала кетейік, «Күнделік» электрондық журналдар мен күнделіктер» жүйесі 2,9 миллионнан астам оқушыға, 2,2 миллион ата-анаға  және 340 мың мұғалімге қызмет көрсетеді.

16 наурызда қашықтан оқытуға көшу туралы хабарланғаннан бастап біздің ұжым күні-түні жұмыс істеді. Біз қыруар жұмыс атқардық. Қашықтан оқу жағдайында жүйемен жұмыс істеу процесін көрсететін 28 нұсқаулық пен бейне сипаттама дайындалды. Екі апта ішінде байланыс арнасын кеңейту және шектен тыс жоғары  жүктемені еңсеру үшін жүйеге қажет қосымша жабдықты ұсыну қажеттігін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жеткізумен болдық. Өкінішке қарай, бұл маңызды инфрақұрылымдық мәселелер оқудың басталуына 2-3 күн қалғанда шешілді. 6 сәуірдегі жағдай осы іс-шаралардың барлығы текке кетпегенін көрсетті: kundelik.kz жүйесі сол күні траффик бойынша Қазақстанда YouTube желісін пайдаланушылар мен осы желіге кірушілермен теңдей болды. 

Оқудың алғашқы күні kundelik.kz сайтына 2,2 миллионнан астам адам кірген, олардың сайтқа кіруі 3,17 млн болса, беттер мен ішкі бөлімдер бойынша 48,7 млн болды! Қазақстандағы интернеттің  даму тарихында отандық ресурсқа тәуліктік жүктеме ешқашан мұндай болмаған шығар. Таңғы сағат 9: 30-да сайтта бір мезгілде 60 мың бірегей пайдаланушы отырды. Мұндай жүктеме  Интернет желісі нашар ұстайтын алыс ауылдардағы пайдаланушыларға қиындық туғызды. 6 сәуір күні сайтты пайдаланушылардың шамамен 20%-ы осындай проблемамен бетпе-бет келген. Бірақ жүйенің жұмысы тоқтаған жоқ. 

6, 7 және 8 сәуір күндері компанияның техникалық мамандары түнгі уақытта серверлер мен деректерді сақтау жүйелерін кеңейтіп, бағдарламалық жасақтау жұмысын жақсартып отырды. Жүйеге 5 Мегабайтқа дейінгі файлдарды ғана жүктеу сияқты шектеу енгізуге тура келді. Біздің қолдау көрсету қызметіне пайдаланушылар жіберген өтініштердің техникалық мониторингі мен статистика күш-жігеріміздің текке кетпегенін көрсетіп отыр. 

Сонымен қатар, Қазақстандағы кез келген интернет ресурс сияқты kundelik.kz порталының да жұмысы құрылғыларға, яғни смартфондар, компьютерлер және планшеттер арқылы кіретінпайдаланушылардың интернет жылдамдығына тікелей байланысты екенін атап өткен жөн. Осыған орай интернетке қосылуды қамтамасыз етуге жауапты әрбір адам өзінің кәсіби қызметі деңгейінде сіз тұратын өңір мен елді мекендегі интернеттің мүмкіндігі мен нақты жылдамдығын бағалауы тиіс. Интернет желісі дұрыс болмағаны үшін ғана ауылдық аймақтағы мұғалімдер мен балалар үшін қашықтан оқу қиындық тудырмауы тиіс! 

Сонымен бірге, біздің компанияның әдіскер мамандары осы күндері әріптестермен және уәкілетті мемлекеттік орган өкілдерімен, жеке компаниялармен бірлесе отырып, kundelik.kz арқылы оқу контенті, бейнесабақтар және басқа да материалдарды ұсыну бойынша үздіксіз жұмыс істеді. Жетекші мектептердің мұғалімдеріне және Алматы қаласы білім департаментінің қызметкерлеріне, Daryn.Online, Opiq.kz компанияларына осы қиын күндері білім беру контентін ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл материалдарды kundelik жүйесінен көруге болады және еліміздің мұғалімдері оны оқу үрдісінде пайдалана алады. Біздің осы күш-жігеріміз қашықтан білім беру процесін қамтамасыз етуге, оқушылардың білім алуына және мұғалімдердің білім беруіне көмектесуге бағытталған!

Біз кәсіби түрде білім беру контентін жасаумен айналысатын кез келген компанияны ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамыз. Олардың жасаған контентін өз алаңымызда орналастыруға дайынбыз.

Қысқа уақыт ішінде қиын жағдайға бейімделуді және соған орай тез әрекет етуді үйренген Қазақстан мұғалімдерінің қажырлы еңбегін, шыдамы мен төзімін атап өткен жөн. 

Ата-аналардың рөліне де тоқталғымыз келеді. Қымбатты ата-аналар, ата-әжелер, сіздерге де әдеттегіден гөрі шыдамды болуға тура келеді. Балаларыңыз бен немерелеріңізге қолдау білдіріп, сүйіспеншілікпен және мейіріммен қараңыздар! Сіздер оларға болашақтың іргетасын қалауға көмектесесіздер, олармен бірге білімнің негізін қалайсыздар. Білімді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу дегеніміздің өзі – адамзаттың гуманитарлық миссиясы! Сонда ғана балаларыңыз ақылды азамат болып өседі!

Осы 5 күн ішінде мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан түрлі пікір айтылды. Осыған орай жүйелі сынды дұрыс қабылдайтынымызды, жүйені жақсарту үшін үздіксіз жұмыс істейтінімізді айтқымыз келеді. 

Сіздер осы мәтінді оқып отырған уақытта Kundelik.kz  жобасының командасы еліміздің педагогика ұжымдарымен, техникалық мамандармен, бейінді министрліктердің қызметкерлерімен, байланыс операторларымен, қазақстандық ІТ компаниялармен бірге Қазақстанда қашықтан оқытудың табысты жұмыс істеуі және оның қолжетімді болуы үшін барлық күш-жігерін жұмсауда.

Біз біргеміз!

Құрметпен, Күнделік.кз компаниясының ұжымы 

Байланыс мәліметтері: 

team@kundelik.kz

https://www.facebook.com/kundelik