ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

1928 жылы құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ, отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы   үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді.Бүгінгі күні университет әлемнің 36 елінің жоғары оқу орындарымен 155-тен астам халықаралық келісім-шартқа қол қойды, оның ішінде TOP 500 ЖОО-мен 20 келісім-шарт бар (TheAcademicRanking of World Universities, ARWU), (Кембридж университеті, Пенсильвания университеті, Суссекс Университеті, Бейжің Біріккен университеті, Сорбонна Париждегі Сите университеті және т.б.).

2019 жылдың қаңтарында, LaboratoriodeInternet (Edition 2019.1.0) зерттеу зертханасының веб-сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» рейтингісінің қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ сайты қазақстандық 122  университеттің сайттары арасында 4-ші орынды және әлем университеттері сайттары арасында 5181 орынды иеленді. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ- бұл рейтингте 1-ші орынды иеленді!

Бүгінгі күні университет әлемнің 36 елінің жоғары оқу орындарымен 155-тен астам халықаралық келісім-шартқа қол қойды, оның ішінде TOP 500 ЖОО-мен 20 келісім-шарт бар (TheAcademicRanking of World Universities, ARWU), (Кембридж университеті, Пенсильвания университеті, Суссекс Университеті, Бейжің Біріккен университеті, Сорбонна Париждегі Сите университеті және т.б.). 

Университеттің басты міндеті - жаңа білім берудің педагогикалық кадрларын сапалы дайындау,  бәсекеге қабілетті, прогрессивті мұғалімдерді өздері және қоғамға шығармашылық қарым-қатынаста оқыту.

Университет институттары:

  • Математика, физика және информатика институты
  • Педагогика және психология институты
  • Филология және көптілді білім беру институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Тарих және құқық институты
  • Сорбонна-Қазақстан институты

Байланыстар: 

050010,  Алматы қ.,  Достық даңғылы,13

Электрондық пошта: rector@kaznpu.kz

Кеңсе: 8(7272) 291-48-74

Кеңсенің  факсі: 8(7272) 291-37-23