ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

«Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығы

Құрметті мұғалімдер!

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығын бастауда.  Сыйлық жеңімпазына $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлде табысталады, сонымен қатар, үздік 10 финалға қатысушылардың сауалнамалары Нобель сыйлығының педагогтарға арналған теңдесі «Әлем мұғалімі» Жаһандық Сыйлығының іріктеу кезеңіне жіберіледі.

«Үздік педагог 2019» Республикалық сайысының қатысушыларынан басқа, еңбек өтілі үш жылдан кем емес, бастапқы және орта білім беру мекемелерінің (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер) педагогы  «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының үміткері бола алады.

Сыйлыққа қатысу үшін  ресми сайтында сауалнама толтыру қажет.

WWW.TEACHERPRIZE.KZ  


Сауалнамалар 2020 жылдың 1 мамырынан 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Сауалнамалардың бағаланатын негізгі критерийлерінің бірі - бұл педагогтың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік істерге қатысуы.Қоғамдық жобалау оқушылардың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Педагогтың әлеуметтік жобаларда еңбектенуі балаларды біріктіруге, олардың қарым-қатынасын шығармашылыққа толтыруға, балаларды пайдалы істерге қосуға және олардың сана-сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Үміткерлердің әділ іріктеуін Тәуелсіз қазылар Академиясы жүргізеді, олардың қатарына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, педагогиканың жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері, еліміздің филантроптары кіреді. Халықаралық аудиторлық компания іріктеу үдерісінің аудиті, бағалауы және тестілеуіне қатысып, іріктелген үміткерлердің беделі мен өмірбаяндарына тереңдетілген шолу жүргізеді. Іріктеу Варке Қорының (Varkey Foundation) орнатқан критерийлеріне сәйкес өтетін болады.