ҚР ҰБ курстары, 22.09.2020
RUB 5.53 (-0.07)
EUR 496.83 (-1.77)
USD 421.58 (+0.82)

Ресми дереккөзі дегеніміз не?⠀

- Бәстесесің бе, Плутон планета емес!

- Бәстесем! Плутон-планета.

- Айтып тұрмын ғой, ол ешқандай да планета емес.

- Қайдан білесің? Мектепте күн жүйесінде 9 планета бар деп үйретті ғой.

Бәстесуді бәріміз жақсы көреміз. Мойындашы? Жеңілгіміз келмейді, әрине. Жеңілем деп ешкім бәс тікпейді ғой. Бірақ кейде ескірген һәм сенімсіз дерекөзден оқыған ақпаратымыз бізді ұятқа қалдырып жатады.

Сонымен...Кімге сенеміз? Сенімді яки ресми дереккөзі дегеніміз не?

Кітап, газет, интернет-сайт, көрші ата-апаның әңгімесі дереккөз бола алады. Мақсатыңа қарай, бірден бәрін немесе біреуін қолдана аласың.

Бастысы бұл рас ақпарат па?

Ақпаратпен жұмыс істеу барысында, оның рас-өтірігін түсіну маңызды. Сенген дереккөзі жалған не болмаса ескірген ақпаратты беруі мүмкін.

Сондықтан төмендегі сұрақтарға жауап тапқаннан кейін ғана, дереккөзіне сенгеніңіз абзал:

- Рас әлде ойдан шығарылған ақпарат па?

- Сарапшы жазған ба әлде ойы ма?

- Ақпарататтың мақсаты қандай? Зерттеу ме әлде жеке ойы ғана ма? (дисклеймер)

- Қашан жарыққа шыққан ақпарат?

Интернеттегі дереккөздер

Интернет- түрлі мәліметтерді жинақтаушы қойма. Мұндағы сайтты кез келген адам аша алады, әрине, өзі қалаған ақпаратты жарнамалайды. Сайт сенімді болып көрінуі мүмкін. Төмендегі кеңестер дереккөзінің сапасын анықтауға көмектеседі:


- Автор жайлы, басылым жайлы ақпараттың болуы;
- Жарияланған күн мен жаңартулардың мерзімі көрсетілген;
- Ең маңызды ақпарат жеңіл, қолжетімді;
- Сайттың мақсаты: ақпараттандыру, үйрету. Жарнамалау мен сату емес! (Мүддесіне қарай)

Дереккөзін ұсынған ақпаратқа сай бағалау критерийі болады. Дереккөздегі мәліметтің құндылығына байланысты, замана талабына қарай өзектілігіне байланысты. 

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «Дереккөз-хабар-ошар. 1) Әдетте, бұрыннан көпшілікке белгілі, таныс нәрсе туралы мағұлматқа, жаңалыққа, т.б. қатысты қолданылады; 2) Ғылымдағы ізденіс нәтижесі, табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғылыми дәлел; 3) логика мен ғылым методологиясындағы эмпириялық білімдердің түйіні,айрықша ой қорыту бітімі».- деп көрсетілген. Дереккөздер негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі дереккөз — фактілерге тікелей дәлел бола алатын адам немесе құжат. Ол айтылып жатқан оқиға немесе тұжырымдамаға жақын дереккөз. Бұған көбінесе оқиғаға қатысқан немесе бақылаған қатысушыдан алынған мәтін жатады. Ол журналисттің оқиға жерінен жасаған репортажы, ресми жариялау немесе автобиографиялық шығармалар болуы мүмкін. Ал қосымша дереккөз бір немесе бірнеше негізгі дереккөздерді сипаттайды. Ғылыми мақала және кітап түріндегі қосымша дереккөздер ғылыми баспалардан мұқият тексеріліп шығады. Мазмұны сенімді мәліметтерден тұратындықтан, оны беделді дереккөздер ретінде қолдануға мүмкіндік береді.