ҚР ҰБ курстары, 29.11.2020
RUB 5.59 (0.00)
EUR 505.25 (0.00)
USD 423.87 (0.00)

Номофобия немесе телефонға тәуелділік

1 күн телефонсыз өмір сүре аласың ба? Окей.

Ал 1 ай, 1 жыл ше?

Бүгінде жақындарыңмен шүйіркелесіп әңгіме айтып, шер тарқасар дәуір алыстап бара жатқандай.  Ең бағалы уақытымызды, жүйке жүйемізді ұрлайтын заман туды. Еңбектеген баладан, еңкейген қарттың да санасына билік жүргізген «смартфон». Уақытымызды да, жүйке жүйемізді де ұрлайтын электронды құрылғылардың пайда болуы, өмір сағаттыңағысын өзгертті. Санамызға билікті, басқадан бұрын «телефон» жүргізердей. 24 сағаттың 15 сағаттан астамы телефонға телмірумен өтіп жатқандай.  Ас ішсек, киінсек те, қыдырсақ та, дәретханаға барсақ та телефон жанымызда.  

2013 жылы БҰҰ-ның жарияланған баяндамасына сәйкес, ұялы телефонды қолданушылардың саны дәретханасы бар адамдарға қарағанда көбірек екен. Жеті миллиард адамның алты миллиарды ұялы телефон ұстайды, тек 4,5 миллиард адам ғана санитарлық-гигиеналық жағдайда өмір сүреді. Жапонияда телефондардың 90 пайызы су өтпейтін корпусымен шығады, себебі жапон жастары жуыну бөлмесіне кірерде де ұялы телефонын тастамайды.

Телефонның тарихына тоқталсақ:

1875 жыл 2 маусым.  Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыштың  бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды.  Ерекшелігі, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Ғылымда телефонға тәуелділікті «НОМОФОБИЯ» деп атайды.

Заманауи фобияны (бұрындары тәуелділік тұрмақ, телефон қайдан болсын) телефонға тікелей тәуелділік деп атайды. Бірақ іс жүзінде номофобия- телефонсыз қалудан қорқу.
Көптеген жағдайларда гаджетке тәуелділік пен оның жоқтығынан қорқу шынымен байланысты, бірақ бәрінде емес.

Австралия ғалымдары телефонға тәуелді жандардың бастарына «мүйіз» өседі дейді. Қалай дейсіз ғой...
Телефонға қарау үшін, бас төменге бағыталғандықтан, омыртқа сүйектері қисаяды. Бас сүйектегі сіңір арасында сүйек өуі мүмкін. Бұл бас пішінінің деформациялануы, созылмалы ауруларға әкеп соғуы мүмкін.

• Сондай-ақ ұялы телефоннан бөлінетін электромагнитті сәулелер адамның орталық жүйке жүйесіне зиян.

• Есте сақтау мен көру қабілетін төмендетеді.

• Ұйқы режимін бұзады. Сол себепті қажеттілік туындамайынша, смартфонды қолданбауға тырысыңыз.

Адамдар  телефонына ешкім қоңырау шалып, хат жазбаса да  ұялы телефонын күніне шамамен 30 рет  ашып қарайды екен. Бұл заманауи адам мен телефон арасындағы қажеттіліктің сөзсіз айқындамасы. Және дәл осы үрдіс осы қарқынмен дами берсе, қазіргі жасөспірімдер мен балалардағы номофобия деңгейі едәуір артпақ. Денсаулық һәм сана деңгейіңіздің тарықпауын қарасаңыз, телефонмен өткізетін уақытыңызды қадағалаңыз.