ҚР ҰБ курстары, 27.11.2020
RUB 5.59 (-0.01)
EUR 502.78 (-0.60)
USD 422.4 (-0.47)

«Хан Арыстан» мультфильміне талдау


Жер жаһанға танымал мультфильм  тұсауын 1994 жылы кесті. Мульфильмнің жаңа нұсқасы 2019 жылы жарыққа шықты. Жаңа нұсқа бұрынғысына қарағанда анимация, дыбыстау жағынан сөзсіз, жаңа технологиялар көмегімен анағұрлым сапалырақ әрі шынайы. Десе де мультфильмнің жаңартылған фильмін ұнатпағандар да табылды.

«Хан Арыстан» мультфильмінің жаңа нұсқасы кинопракаттағы жаңа сенсация. Анимациялық фильм 1,434 млрд АҚШ долларын иеленді. Бұл ескі нұсқамен салыстырғанда 5,7 есе көп. «Дисней» туындысы «Холодное сердце» мультфилмнінің көрсеткішінен басып озды. 

Көпшіліктің көңілінен шыққан мультфильм талай сырға толы. Мәселен мультфильм кейіпкерлерінің атауы тектен-тек қойылмаған. Мұнда үлкен сыр бар. Барлығы көне һәм тарихи атаулар. Әрқайсысында терең мағына жатыр. 

Симба, мультфильмнің басты кейіпкері, Муфаса патшаның ұлы. Оның есімі «суахили» тілінен аударылғанда-Арыстан. Нала, алдымен дос, содан кейін Симбаның әйелінің есімі "сыйлық" деп аударылады. 

Муфаса деген атау Кенияның ең танымал патшаларының бірі, «Африка елі» деп аударылады. Сараби есімі -"сағым"деп аударылады. 

Мультфилмнің иағыналық желісіне талдау жасар болсақ:

Кішкентай арыстан Симба, Муфаса атты  жануарлар патшасының отбасында дүниеге келген. Симба ата-анасына лайықты болғысы келеді. Сондықтан сатқын Шрамның кеңестерін тыңдайды. Симба әкесіне тек үздік қырларынан танытқысы келеді. Ол «күшті» әкесіне ұнағысы келеді. Муфаса оны мақтан тұтуын қалағандықтан, өзі қаламаған ісіне де ерік береді. Бұл балада «сенімсіздік» сезімін тудырады. 

Кез келген ата-ана өз баласы үшін «хан» сынды. Сол себепті әр бала өзін ата-ана алдында борышкер санайды. Сондықтан бұл қарым-қатынасты берік ұстау үшін арақатынасты алшақ қана емес, керек кезде сырласа алатындай ұстаған абзал.

Шрам. Муфасаның інісі. Ол өзін «қараңғы мен түнектің» патшасы санайды. Ағасына ғана емес, інісінің өміріне де зиянын тигізбекші. Мұнысымен оны ата-ана-абьюзерге ұқсатуға болады. Муфасаның өліміне кішкентай Симбаны кінәлап, баланың «менін» жоймақ.

Шрам мультфильм көрермендері үшін жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдайды. Бірақ бұл да толықтай шындыққа жанасады деу қиын. Ол жануарлар әлеміне, оның ішінде, өз отбасвна ешқандай жамандық тілемейді. Тек өзін жоғары санаттағы биіктен көргісі келеді. Шрамның балалақ шағы жайлы айтылмайды фильмде. Дегенмен бұл кейіпкердің өзін-өзі ұстауына қарай топшылай алатынымыз, Шрамның балаығы қиын өткен сынды.

Тимон мен Пумба. «Хакуна-матата» есіңізде болар бұл ән?

Аталмыш кейіпкерлер кез келген проблеманың шешімі бар екенін насихаттаушылар. Басты кейіпкер Симбаның психологиялық дағдарыстан шығуына ат салысқан жанашырлар. 

Адамдарды «позитивті психологияға» үгіттеуші кейіпкерлер. 


«Хан Арыстан» мультфильмін көргенсіз бе? Сіздің ойыңыз қандай?