ҚР ҰБ курстары, 27.11.2020
RUB 5.59 (-0.01)
EUR 502.78 (-0.60)
USD 422.4 (-0.47)

Қыз Жібек» фильмінің тарихы немесе фильмге талдау


Қазақ кино тарихындағы «Қыз Жібек» фильмі иісі қазақтың сүйсінентін өнер туындысы.


Фильмнің төңірегінде тараған жалған ақпараттар да жоқ емес.
Мәселен «Қыз Жібек» фильмінің режиссерлерін шатастырады. Режиссері- Сұлтан Қожықов.


Фильмнің сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов. Музыкасын Нұрғиса Тілендиев, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әли жазған.


«Қыз Жібектің» алғашқы нұсқасы «Аққу» деп аталған.


Режиссерлер Жібек рөліне лайықты қызды таппай, ұзақ ізейді. Сол кездегі 10 сынып оқушысы Меруерт Өтекешованы режиссер Ғазел Мағауина студияға ертіп әкелген. Жібек рөліне 400-ге жуық үміткерден ұсыныс хат келіп түсті. Олардың ішінде 15 қыз ғана іріктеуден өтіп, тек Жібектің серіктері ретінде бекітілді. Өз естеліктерінде Меруерт Өтекешова: «Басында режиссер менің мұрнымды ұнатпапты. Меніңше, мұрнымда кемістік жоқ сынды.»

Төлеген рөлін сомдаған талантты актер Құман Тастанбеков фильмге іріктеу кезінде 2-курс студенті болған. Жиналған сайыпқырандардың ішінде актерлігімен қатар, атта отыру машығы мықты болған.

Құман Тастанбеков Меруерт Өтекешова жайлы өз сұқбатында: «Алғаш мен студияда жүргенде, қыздар өте көп болды. Бір күні киностудияның дәлізінде тұрған болатынмын. Қасымнан бір қыз өтіп кетті. Қарасам, көзі жарқ ете қалды. Сол кезде мен «мына қыздың көзінде бір ұшқын бар ғой, осы қыз – Жібек» дедім. Сол сәтте-ақ Меруерттің жарқ еткен көзіне ғашық болып қалдым. Онда әдемі, сұлу қыздар көп болды. Бірақ олар рөлге кіріп ойнай алмады. Мысалы, жылайтын жерде жылай алмады, күлетін жерде күле алмады дегендей. Алайда ол жерде тек түрдің әдемілігі ғана емес, ішкі сезімнің байлығы да керек болды. Содан Меруертте сол айтылғандардың бәрі бар болып шықты. Меруертпен сол жерде танысқанмын. Соңы, махаббатқа ұласты ғой.»

«Борат» әзіл немесе масқара?

Үтірді қайда қоймақ керек?


Отандастарымыздың наразылығын тудырған фильмге қарсы петицияға 100 мыңнан астам қол қойылды. Жұртшылық «бұл елді масқаралайтын фильм» десуде.
Ең алдымен тарихынан бастасақ. Себебі фильмді сынға алғандар көп, ал көргендер аз.


Фильмнің толық атауы- «Борат: Қазақстанның атақты халқының игілігі үшін америкалық мәдениетті зерттеу». Сценарий авторы және басты рөлді сомдаушы британдық комик Саша Барон Коен.
Фильм псевдодеректі фильм-комедия жанрында түсірілген.
Сюжетке тоқталсақ: Фильм АҚШ-ты саяхаттап, әртүрлі адамдармен кездесіп жүрген қазақстандық тілші — Борат Сағдиев жайлы. Ол Қазақстан ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша продюсері Азамат Бағатовпен бірге деректі фильм-репортаж түсіру үшін АҚШ-қа аттанады. Қар анасы, жезөкше-қарындасы мен ақыл-есі кем інісін туған жерге тастайды.

Дерек: Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмдегі кейіпкерлердің ешқайсысы қазақ емес.
Фильм дүниежүзілік прокатта 18 млн доллар бюджетінде 261 572 744 доллар жинап, коммерциялық табысқа ие болды, сондай-ақ жақсы сыншылар пікірлерін алды. 2006 жылы Саша Барон Коен Борат рөлі үшін «музыкалық фильм мен комедиядаға үздік актер» номинациясында «Алтын глобусқа» ие болды. «Борат» «үздік икемделген сценарий» номинациясында «Оскарға» ұсынылды.

Сюжеттің жалғасы: Ешқандай цивилизация көрмеген Борат пен оның продюсері АҚШ-та түрлі ыңғайсыз оқиғаларға тап болады. Бірнеше мекемелерден сұқбат алады.
Теледидардан «Малибу құтқарушылары» фильмін көрген Борат актриса Памела Андерсонға ғашық болады. Келесі күні өз әйелінің қайтыс болғанын естіген ол, Памеланың артынан Калифорнияға баруды жөн көреді. Оған үйленбек арманымен. Жол бойы деректі фильмін түсіруді жолғастырады...
Борат Салемдегі ковбой родеосына барып, сөз сөйлейді. Өз сөзінде президент Буштың Ирактың барлық азаматтарын өлтіруіне тілектес екенін айтады, және американдық әнұран музыкасына құралған Қазақстанның ойдан шығарылған әнұранын айтады.
Памела Андерсонға үйленбекші ойы сәтсіз аяқталған соң, Борат қара нәсілді әйелге үйленеді. Сонымен бірге Қазақстанға қайтады.

ДЕРЕК: Мұндағы кейіпкерлердің барлығы актер емес. Шынайы адамдар және олар фильмге түсіп жатқанын білмеген.
.
2007 жылы Коен өз сұқбатында Бораттың образын енді қолданбайтынын айтқан. Бірақ «Борат-2» қазанда әлемдік прокатқа шықпақ.

Фильмді елімізде көрсетеді ме қалай ойлайсыз?

Және фильмнің көрсетілуіне сіз қарсысыз ба?