ҚР ҰБ курстары, 27.11.2020
RUB 5.59 (-0.01)
EUR 502.78 (-0.60)
USD 422.4 (-0.47)

Карантин кезіндегі танымал фейктер


Антибиотиктер пневмонияны жеңе алмайды – фейк

«Олимп» КДЗ маркетинг бөлімінің директоры Алексей Балась Фейсбуктегі парақшасында: «Жазда халықтың антибиотиктерді бақылаусыз қабылдауының нәтижесінде барлық препараттарға төзімді супербактериялар қалыптасқан. Бұл жағдайда пневмонияны емдей алмаймыз» деген пост жарық көрді.
Алексей Балась коронавирустық инфекцияның өзі антибиотиктер тағайындауды қажет етпейтінін еске салды. Олар тек бактериялық аурулар асқнған жағдайда қолданылады.

Алексей Баласьтың кеңесіне құлақ тұра жүріңіз:
«Өзін-өзі емдеу әрқашан қауіпті. Антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауымен қана қабылдау керек. Препаратты дұрыс таңдау үшін сезгіштікті анықтай отырып, бактериологиялық зерттеу жасаған жөн».


Зейнеткерлік жастың өзгеруі туралы ақпарат – фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.


Дүниежүзілік Банктің «карантинді 2025 жылға дейін ұзарту» құжаты туралы хабарламалар – манипуляция


ҚР ЕХҚМ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер үшін зейнетке шығу жасы 63, әйелдер үшін – 59,5.
Әлеуметтік желілерде карантиннің 2025 жылға дейін ұзартылады.

Дәлел ретінде «Дүниежүзілік экономикалық форум» құжатының скриншоты пайдаланылуда.

Шындық:

Дүниежүзілік банктің бұл құжаты «COVID-19» стратегиялық дайындық және әрекет ету жобасы» болып табылады. Онда COVID-19 пандемиясының әлемдік экономикаға әсері және оның салдарының қаншалықты ұзақ болатыны туралы айтылған. Сондай-ақ, құжат ұлттық медициналық жүйелер мен экономикаларды қолдау бағдарламасының қанша мерзімге есептелгені көрсетілген. Бес жылдық жобаның мақсаты – денсаулық сақтау саласының дайындығын күшейту, әлемде коронавирустың таралуын бәсеңдету және өлім-жітімді азайту. Құжатта көрсетілген күндер – бұл экономика мен денсаулық сақтау жүйелерін қолдау жөніндегі жобаны іске асыру мерзімі.
Құжатта карантинді ұзарту туралы жазылмаған. Дүниежүзілік банк те, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да пандемияға байланысты карантиндік шектеу шараларын енгізуге құқылы емес. ДДСҰ тек ұсыныстар ғана береді. Әрбір мемлекет локдаунды енгізу немесе ұзарту туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.

Әлеуметтік желілерде тараған Дүниежүзілік банк жобасының құжаты туралы хабарлама – манипуляция. Онда нақты мерзімдер көрсетілген, бірақ оның карантинді енгізуге еш қатысы жоқ.

Зейнеткерлік жастың өзгеруі туралы ақпарат – фейк