ҚР ҰБ курстары, 27.11.2020
RUB 5.59 (-0.01)
EUR 502.78 (-0.60)
USD 422.4 (-0.47)

Балалар неге цифрлі сауатты болуы қажет?


Тоқтай тұрыңыз, сіз сауаттысыз ба?
Иә мүмкін оқи аласыз, жаза аласыз. Дипломыңызда бар шығар. Бірақ бүгінде бұл жеткіліксіз. Бүгінгі технология торлаған заманда- сауаттылық шегі жоқ ұғым. Сіз гаджетті, ондағы қосымшаларды, одан қалды қосымшалардағы ақпаратты сауатты қолдана алуыңыз қажет. Ақпаратты таба білу, дұрыс пайдалану және құру, қауіптерді білу және белгілі бір сақтық шараларын сақтау маңызды. Мқны білсеңіз-сауаттысыз, яғни, цифрлі сауаттысыз.
Ересек адамдар оң-солын ажыратады, жаман-жақсыны айыра біледі. Сондықтан цифрлік сауаттылыұ көп жағдайда оларда жүре келе пайда болып, дамитын қабілет. Ал балаларда бұл жағдай-басқаша. Олардың сенгіш ақ көңілдері гаджеттер заманында түрліше құбылып, жаман жолға түсуі мүмкін. Тек «арсыз» сайттар ғана емес, жалған жарнамалар, қатарластарының сын-пікірлері баланы үлкен депрессияға түсіруі мүмкін.

Мектептердегі жағдай да бүгінде өзгеше. Бұрынғыдай қағаз-қарандаштың көмегімен шешіле салмайды барлығы. Белгілі бір тақырыпты толыққанды жеткізу үшін , оқушылар түрлі слайдтар, тіпті кейбірі, арнайы сайттар жасайды. Бұл қабілеттерді алаға ерте кезден сіңіру һәм жақсы жағынан пайдалануға ата-ана көмектеседі.
Цифрлік сауаттылық қазір бірінші орындағы қажеттілік. Ата-ана, ұстаз баламен гаждеттерді оңтайлы пайдалану үшін жол көрсетпесе, әлеуметтік желі арбаында қалдырады.

Цифрлік сауаттылықты балаға қалай түсіндіру қажет?

- Цифрлік әлем мен интернет-қауіпсіздік жайлы ақпарат беріңіз.
Қалай жұмыс істейтендігі туралы, және ондағы барлық мәліметтің шынайы бола бермейтіндігін түсіндуру қажет.

- Кибербуллинг жайлы сөйлесіңіз
Онлайн балағаттау-бүгінгі жастардың шындығына айналуда. Кибербұзақылар бір-бірінің санасын улап, өзіне дегеен сенімділікті жояды.

- Гаджеттерді өз қызығушылығына қарай қолдануға рұқсат беріңіз
Рұқсат бермеу, тарылту-баланың сол нәрсе қызығушылығын одан сайын арттырады. Сондықтан балаңызды телефонның құлы болмасын десеңіз, ара-кідік уақыт бөліңіз.

Гаджеттің алдында өткізілетін уақыт 15-20 минуттан аспағаны абзал. Электромагнитті сәулелер бала денсаулығы үшін кері әсер тигізеді. Алдын алу үшін уақытты қадағалаңыз.
Баланың ең алғашқы смартфоны 3 жастан кейін ғана берілуі керек. Бұл жасқа дейін организмнің жетілу процесі жүреді.
Психолог мамандар балалардың ұялы телефонға тез үйренетіндігін айтады. Ол қысқа ғана уақыт аралығында тәуелділікке де ұласып кетуі әбден мүмкін. Кішкентай балалар гаджеттерің тілін тез меңгеріп, өзеріне қажеттіні лезде тауып алады. Осыны мақтан еткен ата-аналарды көрген боларсыз. Алайда оның пайдасынан гөрі зияны басым болып жатқанын кейде аңғармай қаламыз.

Психологтардың айтуынша, ең алғашқы смартфоның балаға жасөспірім кезінде 13-14 жасқа қарай берілгені дұрыс. Оның өзінде байланыс құралы үшін ғана, виртуалды әлемге саяхат емес.