ҚР ҰБ курстары, 27.11.2020
RUB 5.59 (-0.01)
EUR 502.78 (-0.60)
USD 422.4 (-0.47)

Тик-Ток ғажайыптары


Тарих сыр шертсе:
Тик-Токтың алғашқы нұсқасы Қытай да жасалған, аты Doulın. Қысқаметражды бейнероликтер жүктелетін қосымша бірден танымалдылыққа ие болды. Сондықтан ByteDance компаниясы батыс елдеріне бағдарламаның аналогын жасады. Басты айырмашылығы: Doulın серверлері тек Қытайда ғана жұмыс істейді және жергілікті цензураға бағынады. Ал Тик-Ток қолданылатын елдің заңнамаларына бағынады.
Бүгінде Тик-Ток әлемдегі ең танымал қосымшалар қатарында.

Таңғажайып нәтижие
Тик-Ток расында керемет нәтижеге қол жеткізді. Instagram мен youtube дәуірі асқақтап тұрған шақта, қандай жаңа платформа құруға болады? Десе де Тик-Ток шынайлықпен оздық дейді.
Көп қолданушылар Instagram мен youtube-та шынайылық аз дейді. Ал тик-ток-та бәрі керісінше: минимализм, шынайылық, жарнаманың жоқтығы не аздығы не болмаса аздығы.

Ерекше алгоритмдер:
Тик-Ток танымалдылығын арттырған-ерекше алгоритм. Фолловерлер саны мұнда маңызды емес. Танымалдылық «рекомендацияға» шығумен байланысты. Оған тап болу, басқа платформаларға қарағанда оңай. 1 миллион қаралым жинаған видеомен қатар 100 қаралым жинаған видеода бұл тізімге кіре алады.
Сондай-ақ алгоритм өте ақылды: сізге 1 мәрте ұнаған ролик, екінші мәрте лентағы шықпайды.

Аудитория:
Тик-Ток тек балалар мен жасөспірімдерге арналған деген ой қалыптасқан. Шын мәнінде 50 астам қолданушылар 18-34 жас аралығндағы адамдар құрайды.

2019 жылы Тик-Ток құрастырушылары, желіде ешқандай саяси жарнамаға жол берілмейтіндігін айтқан болатын. Бірақ бүгінле саяси бейнероликтерді іздесеңіз, таба аласыз.
Бүгінгі таңда Тик-Ток ең қарқынды даып жатқан платформа.Мұның құпиясы монтаждау технологиясының ыңғайлығында, инстаграм желісіне бәсекелестігінде.

Әлем бойынша İnstagram және Facebook сынды әлеуметтік желілерді басып озғалы тұрған TİK-TOK-ты көбіне жасаөспірімдер жиі қолданады.

2016-жылы пайда болған бұл желі қолданушылары қызықты видеолар түсіру арқылы өздеріне оқырман жинайды. Біреулер үшін қызығушылық болса, біреулер осы желіні табыс көзіне айналдырып отыр. Қазіргі таңда ТІК-ТОК-тың күнделікті аудиториясы 800 миллионнан асады екен.

Тренд деген не?

Бұл бір бестеллер сынды. Бірақ өте жылдам өтіп кетеді. Айдың басында осындай видео түсіру тренд болса, соңында мүлдем басқа музыка мен би қимылдары басқа видео трендке айналып кетеді.

Тренд үшін құрбан болғандар..

Tik-TOK әлеуметтік желісіндегі трендті түсіремін деген әр жазылушы біраз тер төгетіні анық. Бірнеше ай бұрын белін қозғалтатын биді билеймін деп сүйегін шығарып алған қыздың видеосы да осы TİK-TOK-та тараған болатын. Күні кеше Тараз қаласының 15-17 жасжасөспірімдері ТІК-ТОК үшін төбелесіп, біреуі пышақпен жарақаттанған болатын. Бұдан бөлек, бірінші реттен видео шықпай қалған немесемузыкаға іс-қимыл сәйкес келмеген жағдайда жастардың ашуға булығатыны анық. Мұның өзі жасөспірімдер мен жастардың психологиясы мен жүйке жүйесіне едәуір зиянын алып келері анық.

Неліктен жастар, бүлдіршіндер TİK-TOK-қа құмар?

Карантин кезінде үйде жатып TİK-TOK-қа жазылып, видео түсіріп бастағандардың саны артпаса кемімегені анық. Одан бөлек өзге де қолданушылардың жариялаған видеожазбаларын көріп,  шыға алмай уақытының бәрін сонда өткізетіндер көп. Сол үшін де жастар бос уақытының барлығын осы желіде өткізеді.