ҚР ҰБ курстары, 25.04.2024
RUB 4.8 (+0.04)
EUR 474.3 (+0.97)
USD 443.85 (-0.47)

Назарбаев Университеті

Еуразияның жүрегінде,Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университеті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі, оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар, сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

Назарбаев Университетінің академиялық және зерттеу бағдарламалары үздік 30 жоғары оқу орындарының рейтингісінде орын алатын жетекші университеттермен ынтымақтастықта әзірленген. Халықаралық оқытушылар құрамы әлемнің озық тәжірибесін қолданады және Қазақстанның академиялық ортасында кәсіби тәжірибені таратады. Назарбаев Университеті 21 ғасырдың ғаламдық талабына жауап беретін бәсекеге қабілетті кәсіпқойларды даярлайды.

Назарбаев Университетінің Мектептері студенттерді әріптес университеттермен бірге әзірленген бағдарламалар бойынша оқытады. Назарбаев Университетінде бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша оқытуды жүргізетін үш мектеп: Инженерия мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі жұмыс істейді. Магистратура және докторантура бағдарламалары Назарбаев Университетінің үш жоғары мектебінде: Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде, Жоғары бизнес мектебі мен Жоғары білім беру мектебінде әлемнің озық университтерімен әріптестікте әзірленіп жатыр. 2013 жылға Жоғары бизнес мектебі мен Жоғары білім беру мектебі ұсынып отырған магистратура бағдарламаларымен танысыңыздар.

Назарбаев Университетінің кітапханасы – кампустың аумағындағы ең танымал және адам көп жиналатын жерлердің бірі. Кітапхана ақпараттық ресурстар мен кітапхана ісі саласындағы соңғы технологияларға сәйкес жабдықталған. Кітапхананың жұмысы барынша автоматтандырылған. Оқу залдарында интернетке қосылған компьютерлер, автоматтандырылған кітап беру станциялары орнатылған. Пайдаланушылардың электрондық деректер базасына қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні кітапхана ағылшын тіліндегі ақпараттық ресурстардың (кітаптардың, мерзімді басылымдар мен электрондық ресурстардың) Қазақстандағы ең үлкен коллекциясына ие болып отыр.

Байланыстар: 

Нұр-Сұлтан қ.,   Қабанбай Батыр даңғылы 53
e-mail: admissions@nu.edu.kz
Абитуриенттерді қабылдау департаментінің телефоны:
+ 7 (7172) 706 180
+ 7 (7172) 706 183
+ 7 (7172) 706 184