ҚР ҰБ курстары, 28.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 486.94 (-1.57)
USD 449.58 (-0.49)

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылдың 12 сәуіріндегі №220 қаулысына сәйкес Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты құрылды, 5 жылдан кейін Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. Алғашқы болып Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика және филология факультеті 1972 жылдың 12 сәуірінде ашылды. Институттың материалдық базасының, оқу-әдістемелік қорының, профессор-оқытушылар құрамының қалыптасуына және күшеюіне Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты, Ақмола және Қостанай педагогикалық институты, сонымен қатар Алматы шет тілдері институты баға жетпес көмек көрсетіп, үлкен үлес қосты. 

АрқМПИ - аймақтың басты білім беру орталығы ретінде, өңірдің білім беруі мен  мәдени-әлеуметтігі дамуы үшін құзіретті, көптілді, білім берудің заманауи моделін жүзеге асыру механизмдары мен тетіктерін меңгерген, айқын азаматтық ұстанымы бар педагог мамандарды даярлауды жүзеге асырады.   

АрқМПИ факультеттері:

  • Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
  • Тарих және өнер факультеті
  • Педагогика және филология факультеті
  • Сырттай оқыту факультеті

Байланыстар: 

110300,   Арқалық қ.,   Әуелбеков көшесі, 17

Электрондық пошта: arkgpi@mail.ru

Қабылдау бөлмесі: 8 (71430) 7-24-88

Факс:8 (71430) 7-01-87