ҚР ҰБ курстары, 19.05.2024
RUB 4.88 (0.00)
EUR 480.51 (0.00)
USD 443.44 (0.00)

Банк картасы туралы

Банк картасы әрбір қазақстандықтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қолма-қол ақшаны пайдалану бірте-бірте азайып келеді және адамдар сатып алған заттары мен алған қызметтерінің ақысын қолма-қол ақшасыз түрде төлеуді таңдауда.

Сіз алғашқы банк карталары ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болғанын білдіңіз бе? Бастапқыда олар мейрамхана желілерінің бірінде несие түрінде қолданылды. Бірақ содан кейін олар жанармай құю станциялары мен кафелерде қолданыла бастады. Бірте-бірте картаның функционалдығы кеңейе түсті, енді бұл біз үшін негізгі төлем әдістерінің бірі.

Сонымен, банк картасын пайдалану бізге не береді?

1. Қауіпсіздік. Банк картасы қолма-қол ақшаны жоғалту немесе ұрлау қаупінен сақтайды. Егер сіз картаны жоғалтсаңыз, ешкім сіздің қаражатыңызды пайдалана алмайтындай етіп оны бұғаттауға болады. Кейінірек картаны оған түскен барлық ақшамен бірге қалпына келтіре аласыз, ал қолма-қол ақшаны жоғалтсаңыз, оны қайтаруыңыз екіталай.

2. Ыңғайлылық. Банк картасымен сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта және кез келген ыңғайлы жерде сауда жасай аласыз. Сондай-ақ, төлемдерді интернет арқылы да төлей аласыз.

3. Шығындарды бақылау. Қолма-қол ақшаны пайдаланып жатқан кезде біз қанша және қайда жұмсағанымызды жиі ұмытып қаламыз. Ал банк картасы сіздің шығындарыңызды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сіз балансты картадан кез келген уақытта біле аласыз, сонымен қатар жүргізілген операциялар туралы ақпарат ала аласыз. Бұл сіздің шығындарыңызды бақылауға және қаржылық жауапкершілікті үйренуге көмектеседі.

4. Қосымша қызметтерді алу мүмкіндігі. Көбінесе банктер олардың карталарын пайдаланғаны үшін өз клиенттеріне бонустар мен адалдық бағдарламаларын ұсынып жатады. Бонустардың мөлшері 1%-дан 30%-ға дейін өзгеріп тұрады. Мысалы, егер сіз телефонды 120 000 теңгеге сатып алып және оның ақысын картамен төлесеңіз, онда сізге ең көп дегенде 36 000 теңге шотқа оралады. Яғни, сіздің сатып алған тауарыңыз сізге небәрі 84 000 теңгеге айналады.

Банк картасын алу оңай. Мұны банк бөлімшесінде де, онлайн да жасауға болады. Егер сіз 16 жасқа толмасаңыз, онда сіздің шотыңызды ата-анаңыз ашады, өздерінің банктік картасына тіркейді. Олар сіздің шотыңыздағы қалдықты көре алады және шығынды қадағалай алады. Егер сіз 16-да болсаңыз, картаны өзіңіз аша аласыз.