ҚР ҰБ курстары, 04.11.2025
RUB 6.55 (-0.01)
EUR 608.35 (-5.40)
USD 528.31 (-2.16)

🏆Үздіктердің үздігі! Kundelik.kz электрондық журналын сапалы жүргізу бойынша 5 өңір көш бастады.

Kundelik.kz ұжымы 2024–2025 оқу жылының II жартыжылдығы бойынша электрондық журналды жүргізу сапасының қорытындысын шығарды. Жүргізілген кешенді талдау нәтижесінде деректердің нақтылығы, толықтығы және уақытылы енгізілуі бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 5 өңір анықталды.

👏ТОП-5 қатарына енген өңірлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік – Білім басқармалары мен Білім бөлімдері қызметкерлерінің тиімді өзара әрекеттестігі және мектеп әкімшіліктері мен ұстаздардың жоғары кәсібилігі мен жүйелі жұмысының нәтижесі.

Сенім білдіріп, ынтымақтастық танытқандарыңыз және жоғары деңгейде жұмыс атқарғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Цифрлық кемелдікке апарар жолда сіздерге толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз.

АЛҒЫС ХАТТЫ АЛУ

Құрметпен, Kundelik.kz ұжымы