ҚР ҰБ курстары, 26.04.2024
RUB 4.82 (+0.02)
EUR 476.38 (+2.08)
USD 444.22 (+0.37)

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

М. С. Нарикбаев атындағы KAZGUU Universiteti-нің тарихы 1994 жылдың 14 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ мемлекеттік заң институтын құру туралы» №1591 Жарлығынан басталады. Жарлықта, құқық реформасын жүзеге асыру және республиканың заң кадрлары жөніндегі қажетін қанағаттандыру, заң білімін дамыту мен оның сапасын арттыру мақсатында ашылған «Қазақ мемлекеттік заң институты мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына, сот және құқық қорғау органдарына, шаруашылық жүргізуші объектілерге заңгерлер даярлауға арналып мамандандырылады» деп анықталады.

Университеттің негізгі миссиясы – сапалы және қолжетімді білім арқылы адамдарға қызмет ету. Сапалы білім дегеніміз – халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келетін, қазіргі заманғы еңбек нарығы сұранысына жауап беретін білім. Білімнің қолжетімділігі дегеніміз – ұсынылатын білім беру қызметінің  шынайы өзіндік құнынан құралатын әділ баға.


KAZGUU Universiteti бакалавриат, магистратура және докторантура аясында заңтану, экономика, қаржы, бизнес салаларында мамандарды даярлайды. Университетте 4 мектеп қызмет етуде: Жалпы білім беру пәндері мектебі, Экономика жоғары мектебі, Құқық жоғары мектебі және КАЗГЮУ Бизнес-мектебі. Жыл сайын университетті мыңға жуық адам тәмәмдайды. Университет 1994 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың стратегиялық бастамасымен құрылып, осы уақытқа қарай отыз мыңнан астам кадрларды дайындады. КАЗГЮУ түлектерінің кәсіпқойлығы өте жоғары болғандықтан, оларға Қазақстан экономикасын дамыту мақсатында ең жауапты бағыттардың негізгі позицияларында сенім білдіріледі.

Университет мектептері:

  • Құқық жоғары мектебі
  • Экономика жоғары мектебі
  • Жалпы білім беру пәндері мектебі
  • Бизнес-мектебі

Байланыстар: 

Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 8.

Электрондық пошта: Info@kazguu.kz

Кеңсе: 8-7172-70-30-39

Кеңсенің  факсі: 8-7172-70-30-39