ҚР ҰБ курстары, 26.11.2024
RUB 4.81 (-0.04)
EUR 522.84 (+3.12)
USD 498.51 (+0.17)

Астана медицина университеті

Астана медицина университеті жоғары медициналық білім беру саласында үлкен мәртебеге ие, білім беру қызметін ұсыну саласында да, медициналық ғылым мен клиникалық қызметті дамытуда да өзіндік дәстүрі бар еліміздің үлкен және қарқынды дамып келе жатқан медициналық ЖОО-ның бірі.

1964 жылы 26 қазанда Республиканың Министрлер Кеңесі Целиноград қаласында медицина институтын ашу туралы қаулы қабылдады. 1997 жылы институт академия болып қайта құрылды, ал 2009 жылдың қаңтарынан бастап университет мәртебесіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Университет Ұлттық медициналық холдинг құрамына кірді.

ЖОО-ның аты мен мәртебесі жаңа емес, оқыту жүйесінде де өзгерістер болғанын атап өткен жөн, мамандықтардың саны көбейді, оқытудың кредиттік технологиясы және оқытудың үшсатылы жүйесі – бакалавриат, магистратура, докторантура енгізілді. Студенттер саны да өсті, білім беру процесіне инновациялық технологияны кіріктіру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Университеттің клиникалық базалары – республикалық және ұлттық ірі орталықтар – Ұлттық медициналық холдингтің еншілес кәсіпорындары. 

Рейтинг бойынша біздің университет Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Біздің ЖОО-ның академиялық серіктестері – АҚШ-тың, Сингапурдың, Еуропаның, Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттері. Университетті бітірушілердің жұмысқа тез орналасуы және олардың еңбеккөрсеткіші біздің оқу орнының білім беру сапасын дәлелдейді. 

Университет мәртебесін алуымыз біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып, дамудың тұрақты және ұзақ мерзімді перспективаларын ашып отыр. 

Университет факультеттері:

  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Мейірбике ісі
  • Фармация

Байланыстар:

Нұр-Сұлтан қ.,   «Сарыарқа» даңғылы, 33

Электрондық пошта: rektorat@amu.kz

Кеңсе: 8 (7172) 53 94 53

Кеңсенің факсі: 8 (7172) 53 94 53