ҚР ҰБ курстары, 23.11.2024
RUB 4.85 (-0.06)
EUR 519.72 (-0.93)
USD 498.34 (+3.47)

Алматы технологиялық университеті

1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі институтының негізінде Алматы оқу-консультация пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. институттының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды (1998). Онда:

  • астық, ұн, жарма және құрама жем технол.;
  • қантты өнімдер технол.;
  • ашыту өндірістері технол. және шарап жасау, консерві және тағамдық концентраттар технологы;
  • ет пен ет өнімдер технологы;
  • сүт пен сүт өнімдері технологы;
  • тағам технологы мен тамақтандыруды ұйымдастыру;
  • тамақ өндірісі машиналары мен аппараттары;
  • тоқыма өндірісі технол., тігін бұйымдары технологы;
  • тігін бұйымдарын құрастыру;
  • биотехнол.;
  • тех. процестер мен өндірістерді автоматтандыру;
  • экономика мен менеджмент (агроөнеркәсіп салалары бойынша);
  • кәсіпорын экономика мен менеджменті (тамақ өнеркәсібі бойынша);
  • тауартану мен тауарлардың тұтыну сапасын айқындау;
  • халықаралық экономика қатынастар мамандықтары бойынша кадрлар даярланады.

Институттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын-диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инженер-технолог, инженер-экономист, инженер-механик бітіріп шықты. Инситуттың ғылыми-зерттеу жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технологиясы, биотехнология, хим. технология, өнеркәсіп экол., ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған.

1999 жылы тамыздың 18 Қазақстан үкіметі № 1192 қаулысымен ЖАҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта құрылды, 2003 жылы желтоқсанның 15 АҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта тіркелді.[1]

Байланыстар: 

050012, Алматы қ.,   Төле би көшесі, 100

Электрондық пошта: atukz@mail.ru

Кеңсенің  факсі: 8 (727) 2935292,  юристы 2935288