ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

КИМЭП университеті

КИМЭП Университетінің миссиясы жоғары білімді азаматтарды тәрбиелеу және іскерлік әкімшілдік, әлеуметтік ғылымдар, құқық, тілдер және басқа салаларда білімді дамыту, оқыту, оқу, зерттеулер жүргізі, қоғамдық пайдалы жұмыс арқылы Қазақстан мен Орталықазиялық аймақта, және одан тыс өмір сапасын жақсарту болып табылады.

Осы миссияны жүзеге асыру үшін КИМЭП Университеті кез келген әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнының түлектерімен теңдесе алатын талантты студенттер үшін халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес келетін аса жоғары деңгейдегі бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады. КИМЭП Университетінің студенттері көшбасшылық қасиеттерін, талантын, тілдік қабілеттіліктері мен академиялық жетістіктерін көрсете алады.

Аталмыш миссия тұжырымдамасы жоо-ның қызметі үшін практикалық міндетттер жүктейтін негізгі құндылықтарды жүзеге асырады. Университет қоғамдастығының барлық өкілдері құрметтеушілік, ашықтық, адалдық қағидаларын ұстанып, білім сапасына ерекше назар аударады және непотизмге, сыбайлас жемқорлық пен кемсітушілікке жол бермейді.

КИПЭП факультеттері:

  • Бэнг атындағы бизнес факультеті
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті
  • Тілдер орталығы
  • Құқық мектебі
  • Басқару кадрларына арналған білім орталығы

Байланыстар: 

Алматы қ., Абай көшесі, 2

Электрондық пошта: astnedop@kimep.kz, erayeva@kimep.kz

Номер факса:  270 42 33